Нұр-Сұлтанда 2020 жылы тіркелген қылмыстар саны 30%-ға азайды

Жыл өткен сайын қарқынды түрде дамып жатқан ел астанасында қауіпсіздікті, оның ішінде цифрландырудағы қауіпсіздік бағытына негізгі басымдық беріліп отыр. Осы мақсатта «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 
Жобаны іске асырудың алғашқы қадамдары «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы болып саналады. Жоба аясында тәртіпті бақылау үшін көппәтерлі аулаларда бейнебақылау камераларын орнату ісіне басымдық беріледі. Бейнекамералар заңсыз әрекеттерді анықтап, алдын алу үшін үздіксіз мониторинг жүргізеді. Бейнебақылау камераларының негізгі функционалдық мүмкіндіктері &ndash бейнетіркеу, деректерді өңдеудің интеграцияланған жүйесі, сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету. Олардың бәрі түрлі жағдайларда жүйенің тиімді жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жолдардағы қауіпсіздік бойынша зияткерлік көлік жүйесі толығымен енгізілді. Соның арқасында елорда жолдары еліміздегі ең қауіпсіз жолдардың біріне айналып отыр.

«Үздіксіз мониторинг жүргізу үшін арнайы жүйелерді пайдалану &ndash ішкі өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік берді. Қазірдің өзінде жобаның оң әсері байқалады. Статистика бойынша 2020 жылы тіркелген қылмыстар саны 30%-ға азайды», - делінген хабарламада.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста