Біздің тіліміз &ndash буын үндестігіне негізделген әуезді тіл. Бірақ кейбір қосымшалар буын үндестігіне бағынбайды. 
Сондай қосымшалардың бірі &ndash меншік мағынасын білдіретін «-нікі, -дікі, -тікі» қосымшалары. Бұл қосымшалардың жуан түрі жоқ. Дегенмен тілімізде жуан нұсқасын қолданып жүргендер баршылық. 
 Мысалы, «Ол Атыраудыкі» емес, «Ол Атыраудікі» дегеніміз дұрыс болады. 
Бауыржандыкі емес, Бауыржандікі
Асандыкі емес, Асандікі
Атамдыкі емес, атамдікі
Балалардыкі емес, балалардікі. 
Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың бірыңғай жуан немесе жіңішке болып айтылуы. Басқаша атауы сингармонизм заңы деп те аталады.