Өзбекстанда жасалған Nexia мен Gentra Қазақстандағы ең сұранысқа ие көліктердің ТОП ондығына кірді.
Бұл туралы 12news.uz-ге сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
«Автоконсалтинг.KZ» агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың қыркүйегінде өзбектердің Nexia мен Gentra көліктері ТОП ондықтан Hyundai Elantra-ны ығыстырған.
Бір ай ішінде ғана аталмыш көлік маркаларын 465 тұрғын сатып алған. Nexia (238) 9-орында, ал Gentra (227) ондықты тұйықтаған.
Тізімде көш бастаған көлік маркалары: LADA Priora, Hyundai Accent және Volkswagen Polo Sedan.
2015 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда сұранысы жоғары болған ТОП-10 көлік маркасының тізімін назарларыңызға ұсынамыз:
1 LADA Priora
2 Hyundai Accent
3 Volkswagen Polo Sedan
4 Kia Rio
5 Renault Duster
6 Renault Logan
7 LADA Largus
8 Renault Sandero
9 Daewoo Nexia
10 Daewoo Gentra
nur.kz