Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың серігі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергенов ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін Елбасы кітапханасы басшысының орынбасары – Тимур Шаймергеновтің ұсталғаны белгілі болды. Бұл туралы Silkroadnews-ке Астанадағы дереккөз хабарлады. Дереккөздің хабарлауынша, Шаймергеновты Астанадағы арнайы қызметтің өкілдері әйелімен бірге ұстаған.
Шаймергенов бұған дейін Назарбаев басқарған Қауіпсіздік Кеңесінде қызмет еткен, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі болған. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетін басқарды.
Соңғы жылдары Шаймергенов Назарбаев кітапханасының басшылығында жұмыс істеді. Орталық Азия елдері мен Қытай бойынша сарапшы.
– Құқық қорғау органдары қамауға алу туралы ресми ақпарат берген жоқ, – делінген хабарламада.