Назарбаев алматылық оқушыға күшік сыйлады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазған оқушы қыздың арманы орындалды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бесінші сынып оқушысы осыдан тура бір ай бұрын президентке хат жазып, күшік сұраған. Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласының тұрғыны Медина Майсарова Елбасының мерекелік сыйлығына ие болды, деп ақпарат таратты almaty.tv.
Мемлекет басшысы балғынның арманын орындады. Елбасының атынан асыл тұқымды бульдог күшігін Мединаға Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев тарту етті.
«Бір ай бұрын мен Президентке хат жаздым. Өзімнің күшігім болса екен деп бұрыннан армандайтынмын. Ал анам үнемі қарсы болатын. Маған сүп-сүйкімді күшікті сыйлаған кезде қуанышымда шек болмады. Бастапқыда осындай да болады екен деп таң қалдым. Өзім сияқты балаларға айтарым, үміттерің үзілмесін, армандар орындалады екен», - деді Медина Майсарова.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ