Мүмкіндігі шектеулі жандар: уақытылы ем алып, жұрт қатарлы өмір сүруіне не кедергі?

Мүмкіндігі шектеулі жандар: уақытылы ем алып, жұрт қатарлы өмір сүруіне не кедергі?

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі уақытылы шешіліп жатыр ма? Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның айтуынша Қазақстанда 705 мыңнан астам мүгедек адам бар. Денсаулығы жарымжан жандардың уақытылы ем алып, жұрт қатарлы өмір сүруіне не кедергі? Azattyq Ruhy тілшісі мәселенің анық-қанығын анықтап көрмек.

 
Мәліметтерге жүгінсек, 1993 жылы церебралды сал ауруымен ауыратын мүгедек балалардың саны 100 мың адамға шаққанда 23,3 баланы құраған болса, бұл көрсеткіш 2017 жылға қарай 3,6 есеге өсіп, 100 мың адамға шаққанда 83,5 балаға жеткен.

«Ең бірінші назар аударатын бағыт – өмір сүру және денсаулықты сақтау әрбір азаматтың конституциялық құқығы. Өкінішке қарай, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2010 жылы елімізде 0 мен 17 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 49 349-ы құраған еді. Ал 2021 жылы мүгедек балалардың саны 98 254-ке жеткен. Ұлттық статистика бюросынан соңғы мәліметтерді сұрастырдым: 2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша елімізде жалпы саны 705 029 мүгедек бар, оның 101 587-сі - 18 жасқа дейінгі балалар. Демек көрсеткіш 2 еседен астам өскен», - дейді Аружан Саин.

Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 2022 жылдың 5 шілдесінде өткен Үкімет отырысында бір ғана 2021 жылдың өзінде 13 131 балаға алғаш рет мүгедектік диагнозы қойылғаны туралы мәлімдеген болатын. Аружан Саинның айтуынша мұндай күрт өсудің себептерін қолданыстағы заңдар мен құқықтық актілердің халықтың – орталық органдар деңгейінде де, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде де орындалмауы.

«Балалар блогын қамтитын негізгі үш министрлік – білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері арасында ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жоқтығынан көрсеткіш артып отыр деп ойлаймын. Бұл статистика негізі бұдан да нашар, өйткені біз бұл мәселені көп жылдар бойы көтеріп келеміз», - дейді Саин.
Біз осы тұста мүмкіндігі шектеулі баланың әкесі, аутизм дертіне шалдыққан ұлын емдеу жолында балаларды оңалту орталығын ашқан Дархан Ажмолдаевқа хабарласып, саладағы кемшін тұстарды сұрап білдік.

«Елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар саны өкінішке қарай көбейіп келеді. Өзім жетекшілік ететін орталық аутизмі бар балалармен жұмыс істейміз. Шыны керек, бұл – ментальды бұзылудың ең қиын түрі. Бала ұзақ уақытқа дейін сөйлемеуі мүмкін. Айналасындағылардың іс-әрекетіне мән бермейді. Денсаулығы қалыпты бала ата-анасының сөзіне құлақ түріп, соңынан қайталаса, аутизмі бар балаларда мүлдем басқаша. Олардың өз ойы бар. Өзгелермен араласпайды. Негізгі симптомдары міне осындай», - деді Дархан Ажмолдаев.

Ол сөзін жалғай отырып, Қазақстандағы емдеу жүйесін сынға алып өтті. Айтуынша біздегі емдеу жүйесі КСРО кезіндегімен салыстырғанда сәл ғана жоғарылау көрінеді.

«Біздегі емдеу жүйесі салыстырмалы түрде айтсақ, КСРО уақытындағы деңгейден сәл ғана жоғарылау болатын шығар. Кеңес заманында аутизмді билік білмейтін әрі білгісі де келмейтіні еске түседі. Ол уақытта аутизмге алғашқыда баланың психикалық дамуының кідірісі деп диагноз қоятын. Ол бала уақытылы ем алмаған соң өсе келе тіптен нашарлай түседі, көп ұзамай оларды жындыханаларға тығып, осылайша жойып жіберетін», - деп өткен ғасырдағы былықтың бір шетін қозғап өтті.
Сөзін жалғай отырып, еліміздегі негізгі түйткілді мәселелерді қозғай келе аутизмі бар балалар уақытылы емделмейтінін тілге тиек етіп өтті.

«Баладан аутизм анықталған бойда бір күнді жібермей түзету жұмысын жүргізу қажет. Ал бізге бойындағы дерті дендеп, әбден сіңіп кеткен 5-6 жастағы балалар келеді. Бұл жаста бала ешнәрсе түсінбейді, бірауыз сөз айта алмайды, айтқанды тыңдамайды. Тіпті өз бетінше тамақ ішіп, дәретханаға да бара алмайды. Ал оны оңалту ұзақ уақытқа созылады. Орталық қызметкерлері де қатты қиналады. Екінші проблемалы тұсы – коррекциялық орталықтарға бөлінетін уақыт көлемінің аздығы. Үкімет қаржы бөледі, бірақ баланың емделуіне жеткіліксіз. Бізде коррекциялық орталықта бала аптасына 2-3 мәрте бір сағаттан ғана дәріс ала алады. Бұл өте аз. Аптасына кемінде 20-30 сағат уақыт керек. Яғни 20-30 есе аз. Ең проблемалы жерінің бірі осы», - деп Дархан Ажмолдаев тізбектеп шықты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық мекемелерде көрсетілетін көмекке қатысты мәселені ортаға салған болатын.

Мемлекет басшысының бұл бағытта нақты тапсырма бергенін Ақорда өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жариялаған:

«Маңызды мәселе – мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау. Ең алдымен, барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керек. Қазір күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы өте қиын. Олар онсыз да белгілі нәрсені дәлелдеу үшін түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру дәуірінде мұндайға жол беруге болмайды. Сондықтан, жұмыс тәсілін дереу өзгерту қажет. Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуы тиіс. Осы жобаны биылғы 1 шілдеден бастап сынақ ретінде, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап толыққанды жүзеге асыруды тапсырамын», - деп Мемлекет басшысы өзекті мәселені көтеріп, оның шешім жолдарын да көрсетіп, іске кірісуді тапсырған болатын.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде танытатын кез келген басқа ел сияқты, адами құндылықтарды, сапалы өмір сүру мүмкіндігін, адам құқықтарын сақтауды және жеке тұлға ретінде өзін-өзі іске асыру үшін толық еркіндік беруді өзінің басымдығына қояды.

«Адам баласы дүниеге келгенде бақытты боламын, бақытты ғұмыр кешемін деп келеді, алайда мүгедектік басыңа берілген соң тағдырдың жазуына не шара? Көнбеске шара жоқ. Бірақ бір қуанышты жағдай, ол Қазақстандағы көптеген мүгедектігі бар жастардың өмірге деген құштарлығы, бейімделуге ұмтылысы өте жоғары. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «мүгедектігі бар тұлғаларды барынша жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек», деп әр Жолдауында аса назар аударып айтып келеді, соның айғақ көрінісінің бірі ол мүгедектігі бар тұлғалардың Парламент қабырғасында болуы. Кез келген бала көп нәрсені түсініп, үйренуі керек, ал мүгедектік жаңа нәрсені түсінуге кедергі болады. Мүгедектігі бар балалар өздерін толық сезіну мүмкіндігінен айырылмауы керек, олардың жағдайлары сау балалармен бірдей болуы керек. Мүгедектігі бар баланың қоғамға толық бейімделуінің бір мүмкіндігі ол сауықтыру, спортпен айналасу», - дейді бір топ депутат.
Айта кетейік, Қазақстанда жоспарлы түрде іске асып жатқан «Ауыл – Ел бесігі» үкімет бағдарламасының алға қойған мақсатының бірі, ауыл тұрғындарының әлеуметтік қызметке қолжетімділігін қамтамасыз ету болып саналады.

Халық қалаулылары осы орайда аталмыш «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының кемшін тұстарын қозғай отырып, ауыл жастары мен мүгедектігі бар балаларға арналған сауықтыру орталығы мен бассейн салу ескерілмегенін ерекше атап өтті.

«Бүгінгі таңда ауылдарда, аудан орталықтарында аталмыш сауықтыру орталығы жоқтың қасы, ал көптеген дертке дауа болған бассейн орталықтары ауыл тұрғындарына мүлдем арманға айналған. Соның салдарынан ауыл жастары мүгедектігі бар балаларды асырап отырған ата-аналар қала, облыс орталықтарына баруға мәжбүр. Тиісті ем-шараларды, сауықтыру процедураларын қала орталықтарында алып жатыр. Бірақ бұл жерде де жағдай мәз емес. Мүгедектігі бар балалардың бассейнге жатығуына қатысты қаражат жергілікті бюджеттен ғана қарастырылады. Мысалға алар болсақ, Ақтөбе қаласында осы жылдың ақпан айынан бастап мүгедектігі бар балалар жүзуге бармайды, өйткені бөлінген қаражат таусылды. Бағдарламаны жалғастыру үшін қосымша қаржыландыру қажет. Қосымша қаражат бөлу жөніндегі бюджеттік өтінім осы жылдың сәуір айында ғана мәслихат сессиясында қаралады. Сәуір айында сұраныс мәслихатта оң шешімін тапқан күннің өзінде мәселе толыққанды маусым-шілде айларында жүзеге асады. Сонда мүгедектігі бар бала жарты жылға жуық сауықтыру шараларын алмайды деген сөз», - деп мәжілісмендер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін түйткілді болған проблеманы жеткізді.
Депутаттардың айтуынша мемлекеттік органдарда келесі жылға бюджет қаражаты салынатын мүгедектігі бар балалардың деректері бар, алайда бөлінген ақша қаражаты жыл басында аяқталды. Қаражатты толық бір жылға бюджеттен қарастыруға не кедергі?

Сырт қарағанда төрт мүшесі сау, денсаулығы мықты жандар үшін бұл үлкен проблема болып көрінбесі анық. Бірақ арбаға таңылып, емін-еркін қозғала алмайтын жандар үшін денсаулығын түзетудің бірден бір жолы. Ал қала, облыс орталықтарында осындай жағдай болса, ауылдағы жұрттың жағдайы не болмақ? Ауылдағы аталған мәселе қалай шешілмек?

Осы орайда депутаттар Президенттің мүгедектігі бар тұлғалалардың мүддесіне қатысты тапсырмасы қатаң орындалуы тиіс екенін айта отырып, жоғарыда аталған мәселеге қатысты Үкіметке мынадай ұсыныстарын жолдады:

1. 2023 жылға нақтыланған республикалық бюджетте «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасына қарастырылған қосымша 55 млрд теңге, сондай-ақ «2023-2025 жылдарға арналған жалпы трансферттер көлемі туралы» Заңда 2023 жылға арналған әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілерін күрделі және орташа жөндеуге қарастырылған 102,2 млрд теңге қаражат есебінен аудандық, ауылдық орталықтарында сауықтыру, бассейн кешендерін салуды қолға алу қарастырылсын;

2. Мүгедектігі бар балалардың бассейнде жатығуына, сауықтыру шараларына бір жылды толық қамтитын бюджет қаражаты бөлу қарастырылсын;

3. 2022 жылға бекітілуі тиіс бюджет қаражатын дұрыс бөлмеген қызметкерлердің жауапкершілігі туралы мәселені көтеру, сондай-ақ мұндай фактілерді болдырмау үшін шаралар қабылдау қажет.

Тоғыз ай тоғыз күн құрсағында көтеріп, үміт еткен сәбиі өмірге жарымжан боп келуі кез келген ата-ана үшін үлкен соққы. Тағдырға жазылған ауыр сынақ. Сәбиін емдеп, жұрт қатарлы өмір сүруі үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды. Алайда қаржылық секілді өзге де қиындықтар қашанда қолбайлау болары сөзсіз. Мемлекет осы тұста қазіргіден де көбірек көңіл бөліп, түйткілді тұстарын шешіп берсе, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамның бір мүшесі болуына септігі тиер еді. АҚШ-та 100 баланың шамамен 80-і өмірде өз жолын тауып, қоғамның бір мүшесі болып кете алады. Аутизмі бар жандардың арасында Ұлттық қауіпсіздік агенттігі, ЦРУ, Google сияқты орындарда жұмыс істеп жүргендері бар. Қазақстан да осы бағыттағы жұмыстарын күшейтуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста