Мүгедектер билік өкілдерін марапаттады

Кеше Алматыда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғап, әлеуметтік жағдайын көтеруде белсенділік танытқан билік пен БАҚ өкілдері марапатталды.
«Үздік әлеуметтік серіктестік» байқауын елі­міздегі «АРГО» азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы ұйымдастырды.  Ол 2007 жылы АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің қолдауымен дүниеге келген PRIDE – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау жобасы аясында жүргізілді. Шара қорытындысы бойынша, мүгедек жандарға қолдау көр­сетіп, олардың қоғамнан шет қал­ма­уы­на жағдай жасаған Ақтөбе облы­сының әкімі үздік билік өкілі болып танылды. Мара­патталғандар қатарында Атырау облы­сының әлеуметтік бағдарламаларды үй­лес­тіруші және жұмыспен қамту, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармалары, Қызылорда облыстық балалар құқығын қорғау жөніндегі департамент пен Қарағанды қалалық «Авиатрек-ре­гион»  басылымы бар.
Мүгедектер бірлестігі өкілдерінің ай­туынша, елімізде мүмкіндігі шектеулі жан­дарды қолдау ісі жылдан-жылға жақ­сарып келеді. Оларға арналған мемлекеттік бағ­дарламалар мен арнайы ережелердің іске асырылуы өз нәтижесін беріп отыр. Кемтар балалардың сапалы білім алуына жағдай жасайтын тетіктер – осының ай­ғағы. Өткен жылдың соңында ғана Ақ­төбе қаласында арбаға таңылған мүге­дектерге көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Кемтар адамдар үшін әдейілеп жаб­дықталған мұн­дай тұрғын үй кешені әзір­ше еліміздің басқа аймақтарында жоқ. Сондай-ақ осы облыс орталығында Елеу­сін Сағын­ды­қовтың тікелей баста­масы­мен мүгедек­тер арбасын жасайтын Орта Азия өңіріндегі тұңғыш зауыт салынып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста