Моңғолиядағы қазақ генералы атағынан айырылды

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга бригада генералы Жекей Қалидолдаұлын әскери шенінен айыру туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Моңғол елінің азаматтығынан шыққан, Жекей Қалидолдаұлына берілген жоғары офицерлік «Бригада генералы» шенінің күші жойылсын», - делінген Жарлықта.
Жекей Қалидолдаұлы 1959 жылы Моңғолияның Алтанцөгц ауылында дүниеге келген - ұлты қазақ, бригада генералы (2007).

Ол 1983 жылы Сүхэбаатар атындағы Әскери жоғары оқу орнын, 1990 жылы Мәскеу қаласында Шекара әскери мамандық жетілдіру курсын, 1997 жылы Мәскеу қаласы Шекаралық әскери басқару академиясын бітірген.

1983 жылы Моңғолияның батыс шекарасы «Бұлғын» жасағына қызметке тағайындалады. Әскери қызметін взвод командирлігінен бастап, оншақты жыл аралығында көшпелі топ жетекшісі, штабтың дайындық бөлімінің бастығы, жасақ командирі болады.

2000 жылы әскери ғылым саласында докторлық диссертациясын қорғайды. Ол Баян-Өлгей аймағынан екі рет Моңғолия мемлекетінің Ұлы Хуралына (парламент - авт.) депутат болып сайланған. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста