Министр Ұлттық киім күні туралы идеяға қолдау білдірді

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ұлттық киім күні туралы идеяға қолдау білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін еріктілер тобы Ұлттық киім күнін жылдың жылы мерзімінде тойлауды ұсынған болатын.

Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақтың ұлттық киімі күнін ғана емес, елде тұрып жатқан барлық ұлттың киімі күнін енгізуді ұсынды. Министрлік басшысының пікірінше, бірінші кезекте Наурыз мейрамын бұдан да кең көлемде тойлап, оны балаларға арнау керек - ал ұлттық киімге келсек, Мұхамедиұлы ұлттық киімді Наурыз мейрамын тойлау күндері кию керек деп есептейді. Оның айтуынша, адамдарға ұлттық киімді күштеп кигізбеу керек, яғни Президенттің Жарлығы арқылы немесе үкіметтің қаулысы арқылы күштеп кигізу дұрыс емес.

"Бізде Наурыз мейрамын тойлау бойынша концепция жасалды. Адамдар киіз үйге барып, тамақ ішіп қана қоймау керек (...) Бірінші кезекте, бұл мейрам балаларға арналуы тиіс. Біз Жаңа жылда не істейміз? Бәріміз балаларға сыйлық әпереміз, шырша әрлейміз (...) Меніңше, Наурызды балалардың мейрамы етпесек, оны сақтап қалу қиын. Ұлттық киімді киюге ұялатындай жағдайға жеттік", - дейді министр. - Наурыз күні әрбір қазақстандық көшеге ұлттық киіммен шықса. Міндетті түрде сәукеле мен үлкен шапан кию емес, жәй ғана элементтерімен кисе (...). Қазақтар өз киімімен, орыстар өз киімдерімен, қалған халықтар да өз ұлттық киімдерін кисе. Бұл арқылы мейрамға сән береміз. Бұл күн күнтізбеде Президенттің Жарлығымен немесе үкіметтің қаулысымен пайда болмауы керек, қоғамдық бастама болуы керек", - деді ол.

Еске салайық, Қазақстанда Ұлттық киім күнін белгілеуді тарихшы, жазушы, Ұлы дала мәдениетінің насихаттаушысы Арман Нұрмұханбетов ұсынған еді. Нұрмұханбетов бұл күні қазақтың дәстүрлі киімін немесе оның заманауи үлгілерін киюді ұсынып отыр. Еріктілер мұның өте әдемі болатынына және патриоттық сезімді оятатынына сенімді. Сонымен қатар, идея авторы бұл бастаманың отандық жеңіл өнеркәсіп пен туризмнің дамуына үлес қосатынын айтады. Нұрмұханбетовтың айтуынша, қазақтың ұлттық киімі күнін жұмыс күніне белгілеу керек - мәселен, сәуірге, мамырға немесе қыркүйекке.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста