Мигранттарды түсінген министр оралмандарды неге ойламайды?

Мигранттарды түсінген министр оралмандарды неге ойламайды?

Соңғы кезде қоғамның қытығына тиіп жүрген заң жобасының бірі еңбек көші-қоны мәселелерін реттеуге бағытталған құжат болатын. Мәжіліс мақұлдап, Сенаттың қарауына келген осы құжат, негізінен, екі өзекті һәм күрмеулі мәселені қарастырады. Бірі – еңбекші мигранттар, екіншісі – оралмандар. Шетелден келген еңбекші мигранттарға салық салып, оралмандарға бес жыл бойына азаматтық бермейтін заң жобасына біраз жұрт қарсы пікірде. Кеше заң жобасының осы нормасын ары-бері тартқылаған Сенат бес жылдың бір жылын ғана қысқартып, құжатты Мәжіліске қайтарды.    
Заң жобасының басты мақсаты еңбек им­миг­рант­тарын заңдастыру, көші-қон үдерісіндегі мем­лекеттік реттеу мәселелерін жетілдіру болып табы­лады. Атап айтқанда, жеке тұлғаларда жұмыс істеу үшін еңбек мигранттарына рұқсат беру тәртібі айқын­далады. Сосын заң жобасымен еңбекші көшіп келушілерге жеке табыс салығын айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде төлем жасауын енгізу мәселесі қарастырылады. Сон­дай-ақ егерде еңбекші көшіп-қонушы жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы сома­сының алдын ала төлемінен асып кеткен жағдайда салық комитетіне жеке табыс салығы бойынша дек­ларация тапсыруы қарастырылған. Түйіндей айтсақ, құжатқа енгізілген өзгерістердің арқасында елімізге келіп, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер заңдастырылады, олардың елде болуын бақылаудың тиімділігі артады. Сондай-ақ кез келген қазақстандық жеке тұлғаға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат етіледі. Еңбек миг­рант­тарына енгізілетін салықтың арқасында бюджетке түсетін түсім ұлғаяды. Құжатты әзірлеуші тарап Эко­номика және бюджетті жоспарлау министрлігінің мигранттарға қатысты енгізген ресми жаңалығы осындай. Ал оралмандар мәселесінің ең түйткілі – «Қазақстан аумағында бес жылдан кем болмайтын мерзімде тұрақты тұрып келген этникалық қазақтарға ғана азаматтық беру». Дәл осы норма сенаторлардың терең талқысына ұласқан болатын. Басынан бастап баяндалық.

Байқағанымыз – атажұртында бес жыл тұрмаған шетелдік қазақтарға азаматтық бермеу туралы норманы Үкімет емес, Мә­жі­ліс депутаттары ұсынған секілді. Сөйтіп, мәжілісмендер «оралман азаматтық алу үшін елімізде бес жыл тұрсын» деген нор­маны сенаторлар төрт жылға ғана төмен­детті. Әлгі төрт жылдың өзі оңай еместігін алға тартқандар министрлік тарапынан мар­дымды жауап ала алмады. «Біз квота­ны алып тастадық. Жеңілдіктерді де сыпы­рып жатырмыз. Бәлкім, Елбасы «оралман­дар «Қазақстанға мен не беремін» деп келуі керек» дегеннен соң бұл, бір жағы­нан, дұ­рыс та шығар. Алайда менің түсін­бейтінім, неге біздің шеттен келген қандас­тарымыз бес жыл бойы азаматтығын күтулері ке­рек? Не себеп? Қандастарымыз­ға сонда сен­бейміз бе?», – дейді Светлана Жал­ма­ғам­бетова. Бұған жауап ретінде эконо­ми­ка және бюджеттік жоспарлау министрі Ер­болат Досаев «оралмандардың өздері Қазақстанда тұрмаққа нақты шешім қа­был­дағанша әлеуметтік бейімделуі ке­рек» дегенді алға тартады. «Әлемдік тәжі­ри­бе­де бұл бар. Сосын біз біраз жеңілдік­тер­ді оралманға беріп отырмыз, олар жұмыс іс­теп, жер алып, төрт жыл бойы бе­йімде­ле­ді, сосын азаматтық алады. Заң­ға енгі­зіліп отырған осы норма халықара­лық стан­дарттарға сай», – дейді Ерболат Ас­қар­бекұлы. Ал сенатор Қуаныш Айтахан­­ұлы бұған дейінгі заңнамада оралмандар үшін жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу қарастырылып, ол үш айдан аспайтын мезгілді қамтығанын айта келе, төрт жыл­дың өзі тым ұзақ екенін алға тартады. «Бір жылға, ары кетсе екі жылға неге түсірмей­міз? Мен түк түсінген жоқпын. Бүйтсек шет­тегі 5 миллионнан астам қазақты қашан Ота­нына қайтарамыз?», – дейді Қуаныш Айтаханұлы. Әйтсе де министр Досаев бұл сұраққа да мандытып жауап бермей, «ке­летіндер келе береді», «халықаралық стан­дартты сақтап отырмыз» дегеннен ары аса алмады. Ал дәл осы әлемдік тәжі­рибенің Қазақстанға, оның ішінде орал­мандарға түк қатысы болмайтынын ми­нистр мырза түсінбейтін не болмаса түсін­гісі келмейтін тәрізді. Бұдан бөлек, талқы­лау барысында Нұрлан Оразалин заң жобасындағы «этникалық қандастарымыз­ға қатысты баптарды тұтастай алып тастау» мәселесін көтерген еді. Алайда олай бол­мады. Бірқатар өзгерістер енгізілген құжат Мәжіліске қайтарылды. Әйткенмен дәл осы норманы Үкімет емес, Мәжілістің өзі ұс­ынғандықтан, ол жақтан да енді қайыр болмайтын тәрізді. Тәуелсіздіктен бері миллиондаған қазақ атажұртына оралды. Бұл – үлкен жеңіс. Алайда оралмаған ор­ал­мандар қаншама? Оны ойлайтын ми­нис­тр­ді көре алмадық. Сондықтан да де­пу­таттардың талқылауы барысындағы пі­кір­лерді қаз-қалпында бергенді жөн санадық.
Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Министр мырза мигранттар жөнін­де жақсы білетін шығар, алайда оралман мәселесінен мүлдем хабарсыз екенін көр­сетті. Мәселеге терең үңілмеген, зерт­темеген. Әйтпесе сіз қайдағы ха­лық­аралық тәжірибені айтып отырсыз? Ондай Қазақстанға қажетсіз тәжірибе­мен мен ешқандай да келіспеймін. Өйт­кені Қазақстанның өз ерекшелігі бар. Территориясы бойынша әлемде 9- орын алатын Қазақстанда халық саны 17 млн ғана. Ал бізге басқасын айтпай-ақ, эко­но­микалық қауіпсіздік үшін 25 млн ха­лық керек. Мұны қалай көбейтеміз? Кө­бейтудің жолы да оралманды оралту емес пе? Әлем бұл мәселені өз бетінше шешіп жатыр. Франция өзінің бұрынғы отар елдерінен халық алса, Израйль мен Германия қандастарын тартып жатыр. Соның ішінде егер немістердің бағзы замандағы ата-бабасы Германия азама­ты болса, олар еш күтпестен азаматтық береді. Біз неге Қазақстандағы жағдай­ды ескере отырып, қандастарымызды қайтармаймыз? Егер лаңкестік секілді құбылыстардан қорқатын болсақ, ондай отандастарымызды тексеруге бір жыл да жетіп жатыр емес пе? Төрт жыл тым ұзақ.

Нұрлан ОРАЗАЛИН, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Бұл заң жобасы жұртшылық ара­сында алаңдаушылық туғызды. Әсіресе оралман бауырларымыздың қобалжуын күшейтті. Біз еңбек көші-қоны туралы заң­ға өзгеріс енгізу қажеттілігін қолдай­мыз. Ондайларға қойылатын талаптарды жетілдіріп отыруымыз керек-ақ. Бұл дұрыс, өркениетті елдердің барлығы да ондай талапты қатайтуда. Дегенмен ең­бек-көші қонына қатысты талаптардан эт­никалық көші-қонға, яғни оралман­дар­дың көшіне ешқандай да зиян кел­меуі тиіс еді. Бұл – ел тұтастығын қамта­ма­сыз ететін, мемлекеттің назарында болу­ды қажет ететін саяси мәні бар мәселе. Тағы айтамын, тарихи отанына оралу мақ­сатындағы көші-қонды біз еңбек кө­ші-қонымен бекерге аралас­тырып отыр­мыз. Бұл – тым асығыс ше­шім. Бұл екі көші-қонның айырмашылы­ғы жер мен көктей. Жасыратыны жоқ, еңбек-көші қонымен келетіндер Қазақ­станды жа­рылқайды дегенге сену қиын. Ал этни­калық көші-қон елдің өсіп-өр­кендеуіне үлес қосады. Түптеп келгенде, біз «орал­ман» дейтін ұлттың жоқ екеніне елдің көзін жеткізуіміз керек. Қазақ­станда қа­зақ дейтін бір ғана ұлт бар! Осыны ұрпақ жадына сіңіруіміз керек.

Қуаныш АЙТАХАНҰЛЫ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Бұрын оралман квота арқылы же­ңілдікпен, сосын квотасыз да келе бере­тін. Соны неге алып тастадық? Сырттағы қа­зақтардың ішінде біздің Отанымызға аса қажетті мамандар да, зиялылар да болуы заңды әрі бар олар. Неге ең құры­ғанда соларға жеңілдіктерді сақтама­дық? Қиын уақытта қандастарымызға көмек бергеніміз рас. Ал енді өркениетті мемлекет бола отырып, неге оларға қол­дан кедергі жасап жатырмыз? Өзбек­стандағы 1 млн қазақтың жағдайы қиын. Олар өзбектеніп бара жатыр, қазақ мек­тептері жабылып, қазақтар өз­бек бол­ғанда ғана қызметке алынатын болып жатқан сыңайлы. Осындай ашық саясаттың жүріп жатқанын көре тұрып, кеудеден итереміз бе? Тіпті сол Өз­бек­станнан еңіреп келген қазаққа «Сен те­ріс­кейге бар, Қызылжарға бар, сен Пав­ло­дар­да тұр» деп айтудың өзі ұят. Бұл со­лар­ды келтірмеудің амалы емес пе? Олай болса, біз нағыз қылмыс жасап отырған жоқпыз ба? Менің білетінім, Үкімет Парламентке ұсынған нұсқада ор­алмандарға бес жыл күтетін мәселе жоқ еді. Мәжілістен осылай болып кел­генін түсінбей қалдым. Бізге мүлдем бас­қа заң жобасы келіп отыр.

Серік АҚЫЛБАЙ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Егемендік алған уақытта өзіміздің жергілікті жұртымыздың жағдайының нашарлығына қарамастан, біз оралман­дарға өтемақы төлеп келдік. «Елім» деп келгендерге шамамыз келгенше мемле­кеттік қамқорлықты аямадық. Ал сол сырттан келіп жатқан ағайындарымыз­дың Үкіметке деген көзқарасы бір­жақты болмай тұрғаны байқалады. Сол­түстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қос­танай облысына жіберілген орал­ман­дар төлемақыны алып, сол жерде тұрмай, ұнатқан жерлеріне қарай кетіп жатты. Мұның өзі мемлекеттік саясатты сыйла­маушылық емес пе? Ендеше, он­дай­ларға неге қаражат жұмсауымыз ке­рек? Сосын Австрия секілді елдерде азамат­тық алу үшін 12 жыл күту керек екен. Әлемдік тәжірибеде ең азы – үш жыл. Біз төрт жыл деп отырмыз. Біз еш­кім­ді де керек қылмай отырған жоқпыз. Келем дегендер әлі де келе береді. Ал нағыз елім, жұртым дегендер баяғыда-ақ көшіп келіп алды. Сондықтан да бәрі­не бірдей жалпақшешейлік таныту керек емес. Елде тәртіп болуы керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста