Метроның алғашқы стансысы есігін ашады

Қазанның 22-сі күні Алматы метрополитені қала тұрғындарына есігін ашады. Қала тұрғындары сағат 10.00 мен 18.00 арасында Гоголь мен Панфилов көшелерінің қиылысындағы «Жібек жолы» стансысын тамашалай алады. Сондай-ақ осы жерде Алматы тарихына арналған фотокөрме де ұйымдастырылады.
«Метрополитен» КМК баспасөз қыз­ме­тінің хабарлауынша, қала тұрғындары мен қонақтары еліміздің тұңғыш метросының стансысын жалпы жұрттан бірінші болып та­машалауға мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ «Менің Алматым: өткен, бүгін және келешек» атты фотокөрме де осы қауымға арналады. Бұл көрмені мет­ро­по­ли­тен басшылығы ҚР Кино, фотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының орталық мем­лекеттік мұрағатымен бірге ұйым­дас­ты­ра­ды. Көпшілік назарына ұсынылатын фо­то­туын­дылардың арасында кәсіби сурет­ші­лер­дің ғана емес, әуесқойлардың да ең­бектері болады. Бұл көрмеге жергілікті тұр­ғындардың отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер де қойылады. Ал­ма­тыны Қазақстанның ең керемет қаласы ретінде сүйетін кез келген адам метросы бар және метросы жоқ кезеңнің әсем сәт­те­рін тамашалап, айрықша әсер ала алады. Естеріңізге тағы бір саламыз, Алматы мет­ро­сы биыл желтоқсан айында іске қо­сы­ла­ды. Ол ТМД елдері ішіндегі ең озық тех­но­ло­гиялы метро болмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста