Мерекеге орай полицейлер арасында спорттық эстафета өтті

  • 12
Мерекеге орай полицейлер арасында спорттық эстафета өтті

«23-маусым Қазақстан полициясы күнін» мерекелеу, сондай-ақ ҚР Ішкі істер органдарында дене шынықтыру мен қызметтік-қолданбалы спорт түрлерін дамыту мақсатында, Түркістан облысы Полиция департаменті бөліністерінің командалары арасында «Полиция эстафетасы» өтті. Төлеби ауданы Леңгір қаласы стадионында ұйымдастырылған спорттық сайыста түрлі қашықтықтарда жүгіру, МТ және КА маркалы қаруларын бөлшектеп, одан кейін қайта жинау бойынша жарыс ұйымдастырылды.

Осы жарыста жүлделі І-орынды департамент аппаратының командасы, ІІ-орынды Төлеби аудандық полиция бөлімінің командасы, ІІІ-орынды Түлкібас аудандық полиция бөлімінің командасы иеленді. Ал «Макаров» тапаншасынан оқ ату жарысында ерлер арасында жүлделі І-орынды полиция капитаны Берік Шербаев, ІІ-орынды полиция лейтенанты Сұлтан Ауелбек, ІІІ-орынды полиция сержанты Мейрамбек Сарсенов иеленді. Сонымен қатар «Макаров» тапаншасынан оқ ату жарысында қыздар арасында жүлделі І-орынды полиция майоры Мөлдір Естемесова, ІІ-орынды полиция аға лейтенанты Айнұр Ақжігітова, ІІІ-орынды полиция лейтенанты Жанат Туреханова қанжығалады. Осылайша жарысқа қатысушы полицейлер салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа деген бейімділіктерін арттырды. «Дені саудың –тәні сау» дегендей, полицейлерден құралған командалар бір-бірінен шеберліктері арқылы асып-түсіп, жеңіске жету үшін барын салды. Тартысты ойын өрнегін көрсеткен жеңімпаздар Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің арнайы «Алғыс хатымен» марапатталып, бағалы сыйлықтар иеленді. Осы тұста ел мен жердің қауіпсіздігін күзетіп, қоғамдық тәртіпті бақылап отыратын, жалпы түрлі қылмыстарды болдырмауға, алдын алуға қызмет ететін полицейлерді мерекелерімен құттықтаймыз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 223
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 267
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста