"Мен ұмтылысы үшін оған көмектескім келеді": Назарбаев аяқсыз Эверестті бағындырған қызға қолдау көрсетті
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі аяғынсыз Эвересті бағындырған қазақстандық қызға қолдау көрсететінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар” арнасындағы “Штрихи к портрету” бағдарламасына сілтеме жасап.
Елбасы екі аяқсыз биік шыңды бағындырудың қаншалықты ерлік екенін айтты. Ол Әуезоваға көмек қолын созғысы келітін жеткізді.
“Әуезованың аяғы жоқ. Ол соған қарамастан дайындалып, Эвересті бағындырды. Өзіңіз елестетіп көріңізші. Тізеден төмен екі аяғы жоқ шыңға шықты. Ол қаншалықты дайындалғанын елестетіп көріңіз. Бұл барлығына үлгі болуы керек. Қазір мен ол қызға протез жасап беру мәселесін қолға алып жатырмын. Ол арзан емес, барлық жерде жасай бермейді. Мен ұмтылысы үшін оған көмектескім келеді. Мен бақыт ұғымын былай түсінемін. Сен біреуге бақыт сыйлап, сол адамның жүззінен бақыт көрсең күні бойы бақытты болып жүресің. Қолда барыңмен бөлісудің өзі бақыт”, – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық опера әншісі Мария Мудрякқа қолдау көрсеткені туралы айтты.
“Мария Мудряк естеріңізде шығар. Біз Бурабайда болатынбыз. Сол кезде концерт болып жатты. Сол жерде кішкентай қыз ән салды. Сол Мария Мудряк болатын. Мен дауысын ұнаттым. Мұғалімдерінен сұрап, қолдап жіберейікші дедім. Сөйтіп 11 жастағы қызға Миланға “Болашақ” стипендиясын тағайындадым. Қазір ол барлық әлемдің ареналарда ән салып жүр. Ілемдік опера жұлдызы”, – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.