Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Дәулетжан Деменбаев жаңа жыл қарсаңында желідегі «Мен сыйлық алмаймын» деген хэштегпен өткен флешмобқа қатысқан еді. Алайда ол пара алған болуы мүмкін деген күдікке ілініп отыр. Ол жақында өз еркімен қызметінен кеткен екен.
Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәліметінше, әкімнің орынбасары болған Дәулетжан Деменбаев мектеп директорларынан қамқорлық көрсеткені үшін бірнеше мәрте пара алған болуы мүмкін деген күдікке ілінген.
Ал Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі Ұйғыр ауданы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары болған Дәулетжан Деменбаев таяуда ғана өз еркімен жұмыстан кеткенін мәлімдеді.
Stan.kz