Луинаның күйеуі Артем Обухов бұрынғы некесі жайлы айтты. Ол "Луина біреудің отбасын бұзды" деген көптің көкейіндегі сауалға жауап берді, деп жазады Stan.kz тілшісі.
Instagram оқырмандарының бірі Артемнен:
"Луина сізді отбасыңыздан алып кетті ме?" - деп сұрады. Оған Обухов:
"Біріншіден, мені алып кететіндей, мен қошқар емеспін. Екіншіден, моралдық ұстанымдарым басқа. Мәселен, мен отбасымды ешқашан тастамайтын адаммын. Тек екіжақты келісіммен, бөлек кетсек, ол басқа әңгіме", - деп түсіндірді Артем.
Артемнің алғашқы некесінен бір ұлы өсіп келеді. Луина екеуінің де ортақ бір ұлы бар. Луина болашақта көпбалалы болғысы келетінін айтқан еді.