"Мен - Қазақстан Республикасының азаматымын. Түсіндіңіздер ме?": Қос азаматтығы бар деп айыпталған шымкенттік шенеунік полицейлерді сотқа берді

"Мен - Қазақстан Республикасының азаматымын. Түсіндіңіздер ме?": Қос азаматтығы бар деп айыпталған шымкенттік шенеунік полицейлерді сотқа берді

Қос азаматтығы бар деп айыпталған шымкенттік шенеунік полицейлерді сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Шымкенттің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов өзіне тағылған айыпты негізсіз деп отыр. Айтуынша, құқық қорғау органдары оған жала жабуда. Бұған қоса, ол "бұл ақпаратты біреу әдейі менің абыройыма нұқсан келтіру үшін" таратты дейді. 

 
"БАҚ-та, интернетте таралып отырған ақпарат - барып тұрған қауесет. Мұны қаланың көркеюіне, халық пен спортшылардың дамуына балта шабу үшін біреулер әдейі таратып отыр. Мен - Қазақстан Республикасының азаматымын. Түсіндіңіздер ме?", -дейді шенеунік. 

Сонымен қатар, Почивалов полицейлерге қарсы прокуратураға шағым жолдаған. Қазіргі таңда шымкенттік шенеунікке Қазақстан азаматтығы қайтарылып беріліпті. Айтуынша, тәртіп сақшылары басқарма басшысының қос азматтығы жайлы құжатты өздері қолдан жасаған. 

"Мәскеуден ресми жауап келмей жатып, біздің полицейлер бір шешімге келіп қойған. Жауап 22 қаңтарда келуі қажет болған, алайда ішкі істер органдарының қызметкерлері ақпаратты 20 қаңтарда жариялады. Мен бұған қатысты қылмыстық іс қозғалатынына сенімдімін", - дейді Почиваловтың адвокаты Евгений Яворский. 

Еске салайық, бұған дейін шымкенттік шенеунік екі елдің азаматтығын алған деп айыпталған болатын. Осыған байланысты ол Қазақстанның азаматтығынан айырылған еді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста