Мемлекеттік тіл туралы заңды бұзғандарға әкімшілік жазаны күшейту керек – журналист

Мемлекеттік тіл туралы заңның бұзылу фактілеріне әкімшілік жазаны күшейту, деп санайды журналист Айкерім Есенәлі. Ол бұл туралы өзінің праймеризге арналған бағдарламасында атап көрсеткен. 

«Мемлекеттік тіл туралы заңның бұзылу фактілеріне (қате жазу, стилистикалық нормаларды бұзу, мемлекеттік тіл мәртебесін төмендету) әкімшілік жазаны күшейту; 

Қазақ тілін БАҚ-тарда, диджитал платформаларда арнайы жобалар енгізу есебінен кеңінен насихаттау;

Қазақ тілінде еркін сөйлеуге бейімдейітн тегін курстарды ұйымдастыру;

Кинотеатрға арналған қазақ тілінде сапалы дубляждалған кино, анимациялық фильмдердің пайызын арттыру», -  деген ұсыныстар да сайлауалды бағдарламда қамтылған.

Белгілі журналист сайлауалды бағдарламасында қолайлы және қауіпсіз қала, ақпараттық қауіпсіздік, ана мен балаларды қорғау, елдегі күнкөріс деңгейін көтеру, бәсекеге қабілетті бизнес, сыбайлас жемқорлықпен күрес  сынды өзекті мәселелердің шешілуін көтерген.

«Көпбалалы аналардың құқықтық, экономикалық сауаттылық деңгейін көтеруге бағытталған тегін консультация, кеңес беру мен курстар ұйымдастыру;

Көпбалалы аналардың бизнес бастамаларына қолдауға бағытталған іс-шаралар енгізу;

Балаларға қатысты зорлығы-зомбылықтан сақтандыру, ерте жүктіліктен қорғау мақсатында оларға дұрыс сексуалдық тәрбие беруді ұйымдастыру үшін ата-аналар мен мұғалімдерге арналған курстар ұйымдастыру;», -  секілді шешімдер ұсынады.

Айкерім Есенәлі 1986 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Журналист, волонтер,  2019 жылғы Президент сайлауы кезінде үгіт-насихат тобы қатарында қала, ауыл, аймақтарын аралаған. Нұр Отан партиясына қарасты «Мирас қоғамдық кеңесі» мүшесі.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста