Түлкібас полициясына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығы туралы арыз түсірген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, сырттай танысы мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 1 800 000 теңге ақшасын заңсыз иемденіп кеткен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.
Арызданушылардың шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында жедел уәкілдер қажетті іс-шараларды жүргізді.
Тексеру жұмыстары нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні тауып, оны тұрғылықты мекен-жайынан анықтады. Ол жергілікті тұрғын, яғни жұмыссыз әйел болып шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде күдікті келіншектің бұдан басқа да жайттарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
«Мемлекеттен 5 миллион теңге жәрдемақы алып беремін» деген алаяқ әйел анықталды
Последние статьи автора