Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заң жобасына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент қол қойған құжаттар қатарында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бар.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасындағыцифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.