Абай облысының полицейлері «Жеңілдетілген жолдамалар» арқылы 1 млн теңгеден астам сомаға азаматтарды алдаған алаяқты қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Абай облыстық полиция департаментіне ақшасын ТУР агенттік шотына аударған тұрғындардан өтініш келіп түсті. Алаяқ кәсіпкер азаматтарды шақырып, өзін агенттік қызметкері ретінде таныстырып, Меккеге жеңілдікпен билеттер ұсынған. Сондай-ақ ол ақылы қызмет көрсету шарттарын, брондау парағын жібереді. Адамдар ақшаны төлегенімен ешкім сапарға бара алмаған.
Ақшаны алғаннан кейін ер адам байланысқа шығуын тоқтатқан. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асады.
Абай облысы ПД киберқылмыспен күрес жөніндегі қызметкерлері алаяқты анықтады, ол қазіргі уақытта Түркістан облысы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған Алматы облысының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.