Меккеге қажылыққа барған Қазақстан азаматтары қайтыс болды

 Меккедегі қажылық кезінде Қазақстанның екі азаматы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметкерлерінің хабарлауынша, қажылыққа барғандардың бірі - Талдықорғанның 69 жастағы тұрғыны Баба Никанды автобус қағып кеткен. Ал көлік жолын белгіленбеген тұстан кесіп өткен. Қайтыс болған екінші адам - 75 жастағы көкшетаулық Ботан Жүсіпова - оның қан қысымы күрт көтеріліп кетіпті. Бұл екі адам да Мекке топырағында жерленді.

Діни басқарма мамандарының айтуынша, бұл екі қайғылы оқиғаның бір-біріне қатысы жоқ. Марқұмдар қажылыққа екі бөлек туркомпанияның көмегімен барған - "Минатур" және "Қызмет Саяхат". Кейбір мәліметтер бойынша, қасиетті жерде тағы бір қазақстандық Сауд Арабиясының ауруханасында ауыр халде жатыр. "Толық мәліметті біз 20 қазаннан соң - мұсылмандар қажылықтан оралған кезде беретін боламыз", - деп хабарлады діни басқарманың баспасөз қызметі.

Биыл Меккедегі қажылық кезінде түрлі елдерден барлығы 130 адам қайтыс болды. 213 адам жергілікті емдеу мекемелерінде жатыр. Айта кетейік, 2013-2014 жылдары Сауд Арабиясына қажылыққа Қазақстанның 10 мыңнан астам азаматы барған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста