Мекенжай бюросының мәліметтер қорын халыққа қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдар пайдаланатын болды. Бұл туралы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясының қызметкерлері хабарлап отыр.
Жаңа заң талаптарына сай, енді азаматтарға қатысты мәліметтерді алу үшін Мемлекеттік мәлімет қорының базасы барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда орнатылатын болды. Ол үшін кез келген мемлекеттік мекемелер аталмыш мәлімет қорын орнату үшін өздерінің ведомстволық министрліктеріне өтініш жасауы керек.
Айкен ҚАСЫМОВА, Алматы қаласы ІІД Көші-қон полициясы басқармасының азаматтарды құжаттандыру және тіркеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі:
– Азаматтар тұрғылықты мекенжай туралы анықтама алу үшін жеке басын растайтын куәлігін немесе төлқұжатын көрсетуі керек. Ал кәмелеттік жасқа толмағандардан жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы куәлік талап етіледі. Егер де ЖСН-і жоқ болған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орындарына барып, тұрғылықты мекенжайы бойынша ЖСН алуы керек.
Мекенжай туралы анықтаманы беру тәртібі жеңілдеді
Последние статьи автора