Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында жас кандидаттарды қолдайтын блог жұмыс істейді

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарсаңында жас кандидаттарды қолдайтын блог жұмыс істейді , деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

 
«Жастар үні» блогының негізі мақсаты - мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутатарының сайлауына қатысып жатқан, қоғамда пікірін ашық білдіріп жүрген әр саланың белсенді жастарына ақпараттық қолдау көрсету.

Сонымен қатар, олар жастардың депутат болуына ықпал етуге барымызды саламыз деп отыр. 

«Бұл ешқандай саяси ұйым емес, бұл блог. Бұл жолы жастарға көп мүмкіндік беріліп отыр. Ниеттілер өте көп, бәрінің де амбициясы бар. Бірақ сайлау барысында насихат жұмыстарын жасауға қатысты платформа дайындалмаған. 

Олар шағын ғана аудиториямен жұмыс істесек жеткілікті деп ойлауы мүмкін. Негізі кең көлемде аудитория керек. Көбі теларналарға шыға алмайды. Менде ютуб арнасы арқылы теледебаттарды, подкаст пен блог түсіруге мүмкіндік бар. Кешелі бері жеті кандидатты шақырып жатырмын. Біз өзіміз додаға түспесек те, өзіміз сияқты жастарды қолдауымыз керек.  Өз білімімен, күшімен алға суырылып шығып жатқан, өзіндік  концепциясы бар жастарды қолдауымыз керек. Құр ұран сөз керек емес. Аудиторияны алдай алмайсың», - деді журналист Нұрсұлтан Құрман.  
Сайлауалды науқан барысында блог жүргізуді журналистер Ерқанат Көпжасарұлы, Ақбөпе Тәңірберген, Нұрсұлтан Құрман қолға алған. 

«Әрине біз өзіміз сайлауға бармағаннан кейін ел танитын азаматтарды қолдауымыз керек.  Жастардың 20 пайыздан көп орын алуына тырысуымыз керек. Көбі әлі мажоритарлық жүйе арқылы бір адамға ғана дауыс беретінін білмей жатыр. 

Негізінен 21  мен 40 жас аралығындағы жастарды қолдап отырмыз. Неге 40 жас? Өйткені осы уақытқа дейін мұндай мүмкіндік болмады. Жасын өткізіп алған жастарымыз бар ғой. Бұл жерде бір ғана партияны қолдау, сойылын соғу деген нәрсе жоқ. 

Сайлауға түсіп жатқан үміткерлердің арасында елдің ертеңінін ойлайтын, білгір білімді азаматтар өте көп. Біз оларға ақпараттық қолдау білдіреміз. Соның ішінде саяси кеңес те беремін. 2019 жылы біз Президент сайлауында бақылаушы болдық. Блогты жалпы бас-аяғы 20 шақты адам жүргізеді» ,- деді журналист Ерқанат Көпжасарұлы. 
Ал ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттығына үміткер, экономист Мақсат Халық өзін-өзі ұсыну арқылы артында ешқандай саяси күштердің тұрмағанын, биліктегі азаматтардың ешқайсысымен келісім жүргізбегенін хабарлады. Бар мақсатым елде экономикалық реформа жасау деді ол. 

«Кешелі бері үміткерлердің насихат жұмысы қызу бастап кетті. Ешқандай парияда мүшелікте жоқпыз. Жастардың, қоғамның арасынан үн қосайық. Кішкентай болса да әділдіктің шамшырағын жағуға азаматтық позициямызды көрсетейік деген ниетпен шығып отырмыз. Өйткені, қаңтар оқиғасынан кейін өзгерісті көп күттік. Өзгерісті біз біреуден күтіп жүрген сияқтымыз. Сондықтан да оны өзіміз жасамасақ, қашан біздің қоғам алға қарай жылжиды?

Мен неліктен Жетісу облысы арқылы сайлауға түспекпін? Өйткені, статистикаға қарасақ, өткен жылы ең төмегі айлықтың ең төменгі көрсеткіші дәл осы облыста. Бұл қатарда Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары да бар. Қазір ол жердегі халықтың еңсесі біраз түсіп қалған. Барлық жерде үйдің бағасы қымбаттап жатыр, бірақ Жетісу облысында түсті. Өйткені ол жақтан халық кете бастады. Тұтастай алғанда халықтың әл-ауқаты төмен. Міне мен осы мәселені көтеруге бара жатырмын»,-деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттығына үміткер, экономист Мақсат Халық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста