Мәжіліс депутаттары отырыста орысша жауап беруге қарсылық білдірді

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында депутаттар орысша сөйлеген шенеунікке қарсылық білдірді деп жазады "Алаш айнасы" интернет-порталы.Айта кетейік, жиын барысында ҚР Үкіметі мен Қырғыз Үкіметі арасындағы Шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын құшақтай келген Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы орынбасарының – Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы Дархан Ділмановты депутаттар сауал қойып, қыспаққа алды. Алайда мемлекетттік тілде баяндама оқып, қойылған сауалға "орысша жауап берейінші" деп қиыла өтінген Дархан Айтқалиұлына депутаттар тарапынан наразылық бірден байқалды. Бірақ "ресми тілдегі" баяндамашыны Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов қорғаштап бақты. "Дархан Айтқалиұлы Мәжіліске алғаш рет келіп отыр. Сондықтан орысша жауап беруге рұқсат берейік. Қазақша сөйлеу жағын кейін шешеміз ғой", - деді Қабиболла Қабенұлы. Төрағаның тарапынан мұндай қолдау күтпеген болуы керек, езуіне күлкі үйірілген ҰҚК шекара қызметінің өкілі: "Құрметті депутат! Келесі жолы обязательно жауап берем" деп депутаттарды одан сайын қыран-топан күлкіге қарық қылды. Айта кетерлігі, Қазақстанның Парламентінде, соның ішінде Мәжілісте көп жағдайда орысша баяндамалар тыңдалып, соған басым жағдайда орыс тілінде сұрақтар қойылатыны таңсық емес. Бұл осыған дейін сан рет айтыла-айтыла жауыр болып, соншама сыналып жүрсе де қоймастан қайталанып келе жатқан жағдай. Дегенмен, бүгін депутаттар қазақша сұраққа орысша жауап беруді өтінген Дархан Ділмановке осылай өкпе білдірді. Мәжілістің өткен сессияларының бірінде Әділет министрі Берік Имашевқа орыст тілінде баяндама жасап, сол тілде барлық сұрақтарға жауап бергені үшін депутат Оразкүл Асанғазы ескерту жасаған еді. Ескертудің елеген министр кейінгі отырыстарда баяндамаларын тегіс қазақ тілінде жеткізетін әдепке көшкен болатын. Сондай-ақ, отырыс соңына қарай су тасқынына қатысты қайырымдылық шарасы жөнінде ұсыныс жасаған депутат Төлеген Ыбыраев та артынша орыс тілінде бірдеңе дегісі келіп, еді ондай әрекетті әріптестері тоқтатып тастады. Сөйтсек, депутаттың мемелкеттік тіл - қазақ тілінде айтқан ұсынысын тіл білмейтін өзгелер тұтас түсіндік деп, орыс тілінде қайталамауды сұрап отыр екені. Иә. Дәл осылай жиналыстарда кіл қазақша сөйлеп, білмейтіндер үшін орыс тілінде ілеспе аударманы қамтамасыз ету туралы мәселе көтерілгелі біраз жыл болды. Сол тұрғыдан алсақ, бүгін Мәжілісте бір ерекше күн болған тәрізді.
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста