Мына масқараға қараңыз. Теміртау политехникалық колледждың ғимаратында мүшеқап сататын арнайы аппарат қойылыпты. Аппарат құны 35 – 80 мың теңге шамасында. Екі жүз теңге салсаң 3 мүшеқапты солқ еткізіп суырып береді.
Бұл іске колледж ұстаздары өздері ұйтқы болыпты. Тіпті жоғары-төмен жүгіріп, өте қажет екенін түсіндіріп, әдейі қойдырса керек. Сылтаулары соңғы кездері СПИД-ті жұқтарған жас көбейіп кетті. Сондықтан осындай шараға бардық дейді.
Қысқасы, ұстаздар оқушыны арсыздықтан тыймайды және оларды тәрбиелеп шаршамайды. Қайта шәкірттеріне «жыныстық қатынаспен дұрыстап айналыс» дегендей мүшеқап аппаратын орнатып беріп қарап отыр.
Теміртауда бұл ғана емес, мұндай аппараттың екіншісі кинотеатрдың жанында бой көтерген. Және де жылдың соңына дейін дәл осындай аппарат Қарағанды облысының барлық жерлеріне қойылады дейді.
Ым… Осылай боп жатыр. Жылайсың ба, күлесің бе…
Қарағанды облыстық СПИД орталығының жетекшісі Бейбіт Сағынтаев айтады: «Аппаратың ішіндегі арзан әрі сапалы, ауру ушығып тұрғандықтан мұндай кондоматтарды аялдамаларда да қоятын боп жатырмыз…».