Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2007-2010 жылдары Марат Бекетаев әділет вице-министрі қызметін атқарған.
2010-2015 жылдары Әділет министрлігінің жауапты хатшысы болды.
2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы қыркүйекке дейін - Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2016-2022 жылдары әділет министрі болды.