Мақсарыны малға бергенше, май өндірсек қайтер еді?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Негізгі отаны Жерорта теңізінің жағалауы болып саналатын мақсарының елімізде де өсіріліп, өнім алына бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Жерсіндірілгені де жаңа ғана. Одан алынатын негізгі өнім – асқатық май. Мақсары майының сапасы күнбағыс пен мақта майынан кем емес. Бағасы да анау айтқандай қымбат деп айта алмайсыз. Мақта майынан 70-80 теңгеге арзандау.
Мақсары – қалдықсыз өнім саналады. Майы алынғаннан кейін де үлкен сұранысқа ие. Мәселен, мақсарының майынан қалған қал­дықтан Иранда халуа дайындаса, Түркияда түрлі сабындар шығарады. Ал тастың өзін кә­деге жарататын қытайлықтар түрлі дертке шипа болатын дәрі-дәрмектер өндіруде. Ал біз қалдықтың өзін кәдеге жарата алмауымыздың салдарынан әзірге малға азық етудеміз. Соның өзіне шүкіршілік деуден басқа амал жоқ. Та­биғаты жайлы оңтүстік облыстар үшін мақсары өсіру таң емес. Облыс аумағындағы барлық ау­дан­дарда өсірілуде. Тіпті жері құнардан кенде Аты­рау облысында да мақсары өсіру қолға алы­нуда. Бұл майлы дақыл биыл мұнда өткен жыл­ғымен салыстырғанда 22,6 мың гектарға артық егіліпті.
Бүгінде мақсары егілген алқап 87,4 мың гектарға жетіп отыр. Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, былтыр облыс бойынша 64 мың гектар алқапқа мақсары дақылы өсірілсе, биыл ол 96 мың гектарға көбейіп отыр. Облыс бойынша былтыр 55 320 тонна өнім қамбаға құйыл­ды. Оның 2500 тоннадайы тұқымдыққа сақталынады. 49 900 тоннасы өңдеуге жіберіледі. Одан 15 200 тонна мақсары майы алынады. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне қарағанда, май шығаратын шағын кәсіп­орындар барлық аудандарда ашылған. Оның ішіндегі ең ірілері – «Шымкентмай» АҚ, «Қайнар» ЖШС, Сайрам ауданындағы «Арай» және «КАРМУ» ЖШС-лары, Төлеби ауданындағы «Леңгірмай», «Бақдәулет» және Мақтаарал ауданындағы «Ақ май» май өңдейтін кәсіпорындар. Олардың кей­бірі өздерінің жеке алқаптарына мақ­сары егіп, жинап алады. Бірақ бәрі де өз өнімдерін өздері өсіреді деуге келмейді. Мәселен, «Қайнар» ЖШС-і бір тәулікте 400 тоннаға дейін шикізат өңдей алады. Кішігірім зауыт 8500 гектар жерге мақсары дақылын егіп, жылда ысырап етпей жинап алады. Алайда бұл өнім жыл бойына жетпейді. Сондықтан алдағы уақытта егіс­тік алқаптарын көбейтуді көздеп отыр. Сондай-ақ шаруалардан майлы дақыл­дарды қабылдап алады. Бұл зауыт жылына 120 мың тоннаға дейін өнім өңдеуге қабілетті.
Отандық өндірушілердің аяғына тұсау боларлық мәселелер де бар, әрине. Өсімдік майын экспорттаушы Ресей елінің өнімдері бүгінде супермаркеттер мен ша­ғын дүкендердің сөрелеріне дейін жау­лап алған. Жарнамалары тіптен орасан. Оған құлақ түрсең, экологиялық таза өнім, пай­дасы көп көрінеді. «Басқа майларды тұтын­саң, ауруға тұтыласың». Жарнамала­ры­ның жалпы жариясы осыған саяды. Майын мақтап, күнде құлақ түбінен қақсай берген соң, оны алуға қызығатындардың көбейетіндігі де сөзсіз. Отандық өсімдік майларына күдікпен қараушылар да жоқ емес дей алмайсыз. Дәл осы салада ішкі нарықты отандық өнімдермен жаулап алуға болады-ақ. Ол үшін, әрине, мақта, мақсары егетін шаруаларға жағдай жасау қажет. Егістік алқаптары күнге күйіп, қар­жы­ның жоқтығы қолын байлап отырған диқандар бар. Оларды ең әуелі жеңіл­детілген несие мәселесі қатты қинайды. Оған қол жеткізу аспандағы айға қол соз­ған­мен бірдей. Одан қалса, техника мәсе­лесі де тұсаулайды.
Төлеби ауданының шаруалары да мақсарыны майға айналдыруды үйреніп алғалы шеке майлары шылқып отыр деуге келмес. Дегенмен бес-алты адамды жұ­мыс­пен қамтып, ауыл-аймақты маймен қамтамасыз етіп, шаруаларын дөңгелетіп отыр. Ұзын­арық ауылындағы шаруа қожа­лы­­­ғы­ның иесі Пернебек Мұхтарұлының мақсары егу­мен айналысқанына да көп уақыт бола қой­ған жоқ. Өнім өндіріп, оны сатқан пай­дасына техника сатып алып, көпке үлгі көр­сетуде. Шаруа қожалығының иесі «Егер мақ­с­ары егумен айналысатын шар­уашы­лық­тарды көбейтсе, ауыл түгіл, ауданды толық мақсары майымен қамта­масыз етуге мүмкіндік мол. Проблемалар да жоқ емес. Мақсарыны жыл сайын бір жерге еге берген соң, ол жердің құнары қашады. Екі-үш жыл аралатып жерді ауыстырып отырамыз. Тыңайтқыш мәселесі де тездетіп шешуді қажет етеді», – дейді. Мақсары майын сығатын аппараттар да арзан тұрмайды. Оларды арысы Еуропа, берісі Ресейден сатып алуға тура келеді. Ауыл шаруалары «жеңілдетілген несие алсақ, мақсары өсіруді өрістетер едік» деп алақанды ысқылап отыр. Майлы дақылдарды өсіру көлемін ұлғайтуды көздеп отырған үкімет осы мәселелерді назардан тыс қалдырмаса. Шығысы кем, пайдасы мол өнім түрін өсіруді молайтсақ, отандық өндірушілерге даңғыл жол ашылатыны сөзсіз.
Биқожа ҚАЛЕКЕЕВ, агроном:
– Мақсары тез жерсінетін өсімдік. Оны қалай өсіріп, күтіп-баптауды шаруалар тез үйреніп алды. Егер тыңайтқышты көбірек пайдалансақ, мақсарыдан мол өнім алуға болады. Әрі басқа майларға қарағанда, мақсарыныкі дәмді әрі пайдалы келеді. Егістік көлемін ұлғайту да – басты мәселе. Оңтүстік өңір – мақсары егуге таптырмайтын аймақ. Егілген өнім жылда артығымен өндіріліп алынады.

Керек дерек
Германияда әрбір тұрғын жылына 41 келі сұйық май пайдаланады екен. Ал біздегі тұрғындардың тұтыну көлемі 13 келіден аспайды екен. Бұл – ресми емес дерек көздерінің ақпары. Дәрігерлер сұйық майды тұтыну көлемі молырақ болуы керек дейді. Үнемшіл деген немістердің өзі осыншама тұтынғанда, ысырапшыл қазекемнің мұнысына жол болсын?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста