Блогер, видеограф Азамат Сәрсенбаев өзінің Instagram-парақшасында Маңғыстауға оралған қоқиқаздардың видеосын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Дәл қазір Маңғыстауда мыңдаған қоқиқаз одан әрі Қорғалжынға ұшу үшін күш алып жатыр. Ұшып жүрген қоқиқаздарды көру нағыз ләззат, олардың сұлулығы ұмытылмастай әсер қалдырады", – деп жазды видео авторы. Қазақстанның Қызыл кітабына енген қызғылт қоқиқаздар Ақтаудан оңтүстік-шығысқа қарай 10 километр жерде орналасқан Қаракөл көлінде мекендейді. Қыста олар жылы елдерге ұшып кетіп, көктемде оралады. "Наурыз – Маңғыстаудағы ең ғажайып айлардың бірі", – деп жазады Азамат Сәрсенбаев.