Ақтау-Жаңаөзен жол трассасына апаттан сау-тамтығы қалмаған көлікті орнатып қойды.
Бұл Маңғыстау облысының жүргізушілеріне ескерту. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ерекше белгіні 7 маусым күні орнатқан.
Көлікті облыстық полицияның бастамасымен белгі ретінде орнатқан.
"Көлік осы жолда апатқа ұшырады. Апаттан үш адам көз жұмды. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып түскен. Көлік апаты бұрын болғанымен, жүргізушілерге ескерту ретінде оны енді орнаттық", - дейді басқармадағылар.