«Мәңгі жүрегімдесіз»: өнер иелері Ғазиза Әбдінәбиевамен қимай қоштасты

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері күні кеше өмірден озған актриса Ғазиза Әбдінәбиева туралы естеліктерімен бөлісіп, оның жақындарына қайғыра көңіл айтуда. Өнердегі әпкелерімен қимай қоштасқан жұлдыздар желіде марқұмға жантебірентерлік жазба арнап жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық әртістер үшін Ғазиза Әбдінәбиеваның өлімі орны толмас қаза болғаны анық. Олар марқұмды біртуар адам ретінде санап, өнер жолында одан көп нәрсені үйренгендерін айтады. Бұл қаралы хабар көпшілік жұлдыздар үшін төбеден жай түскендей болған.

Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялап, марқұммен соңғы рет тілдескен сәтін есіне алды.

"Қош болыңыз, апатайым. Қазақ өнері бүгін ауыр қазаға душар болды. Әуезов театрының актрисасы ҚР Еңбек сіңірген әртісі, парасат және құрмет ордендерінің иегері Ғазиза Әбдінабиева өмірден өтті. Соңғы рет телефон соғып жылы сөздерін айтып, біраз сырласып едік. Әрдәйым ақылын айтып жүретін асыл апамыз еді. Қайтеміз енді. Өмір жалған деген осы. Қайғыра көңіл айтамын" , - деп жазды Азамат Сатыбалды.

Айгүл Иманбаева актрисаның қазасын аса ауыр қабылдап, оған әлі де сене алмай жатыр.

"Ғазиза апау, сене алар емеспін. Мына суық хабарды естігенде төбемнен жәй түскендей болды ғой.Өмірдеде, өнердеде өзіңізден қанша нәрсені үйрендім.Сахнадағы шынайылығыңыз,өмірдегі қарапайымдылығыңыз,еңбекқорлығыңыз бізге өнеге. Сахнадағы анашым. бақұл болыңыз. Мәңгі жүрегімдесіз" , - деп жазды Иманбаева. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста