Мамыр айына арналған ауа райы болжамы

Мамыр айына арналған ауа райы болжамы

Мамыр айында атмосфералық процестер жазғы маусымға ауысуы жүзеге асады. Бірақ ауа райы құбылмалы, суық қайта оралуы мүмкін, ал түнгі уақытта тіпті үсік жүру ықтималдылығы жоғары, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамырдың бірінші күні республикамыздың басым бөлігінде +20+28°С, оңтүстігінде +33°С-қа дейін жазғы ыстық ауа райы сақталады. Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде циклондардың жүріне байланысты жаңбыр жауып, кей уақытта күшті, екпінді жел тұрады, дауыл соғады, бұршақ түсуі де ықтимал және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Осы салқын ауа райы Қазақстанның басқа аудандарына да ойысады, - деп мәлімдеді Қазгидромет РМК


Айдың бірінші жартысында циклондар мен антициклондар орнын ауыстырып, ауа-райы тұрақсыз сипатқа ие болады. Ауа температурасы да құбылып, ауытқып отыруы болжанады:

  • республикамыздың батысында түнде +3+13°С, ал солтүстік өңірде -3°С үсік жүреді, +8+15°С,  күндіз +10+20°С-тан +18+25°С-қа дейін;
  • еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде сынап бағаны +5+15°С-тан 0,+7°С-қа дейін, кей уақытта 1-6°С сипатында үсік жүреді, күндіз +18+25°С-тан +8+18°С-қа дейін;
  • оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде сынап бағаны +10+20°С-тан +5+15°С-қа дейін, күндіз +23+33°С-тан +15+22°С-қа дейін аздап төмендейді.

Айдың екінші жартысында Иран аудандарынан жылы ауа массаларының ойысып жетуіне байланысты республикамыздың солтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп +25+35°С-қа, ал оңтүстік жартысында +30+35°С-қа, қиыр оңтүстік пен оңтүстік-батыста +40°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.

Мамырдың екінші жартысының жекелеген күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады деп болжанады, күндізгі аптап ыстық +20+25°С-қа дейін аздап төмендеуі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде де қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды деп күтіледі, дегенмен сынап бағаны көбіне жоғары болуы болжанады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста