МӘМС жүйесіндегі статус пен төлемдерді банк қосымшалары арқылы тексеруге болады

МӘМС жүйесіндегі статус пен төлемдерді банк қосымшалары арқылы тексеруге болады

Медициналық қызметтерді пайдаланушылар бұдан былай өз мәртебесін Қазақстан Халық банкі, ЦентрКредит Банкі және Kaspi Bank мобильді қосымшалары арқылы тексере алады, деп хабарлайды Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы.
Өткен 12 айға жасалған төлемдер мен сақтандыру мәртебесі туралы мәліметті Халық банкінің қосымшасы арқылы тексеруге болады. Ол үшін Halyk мобильді қосымшасына тіркеліп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдап, «МӘМС» бөлімшесіне ЖСН енгізу керек. Сонымен қатар, Halyk банктің қосымшасы арқылы медицина ұйымына тіркеу туралы ақпаратты да алуға болады. Ол үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, «Анықтамалар» батырмасын басу қажет. Тұтынушының тұрғылықты мекенжайы, тіркелген емхана атауы және күні көрініп тұрады.
Өткен 12 айдың төлемдері мен мәртебені ЦентрКредит Банкінің қосымшасы арқылы да білуге болады (BCC.KZ мобильді қосымшасына тіркеліп, «Мемлекеттік қызметтер» бөліміндегі «МӘМС туралы ақпарат» бөлімшесі, ЖСН).
Сондай-ақ, бұл мәліметтер Kaspi.kz мобильді қосымшасында да қолжетімді. Ол үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, ары қарай «МӘМС мәртебесі» батырмасын таңдау керек.
Егер соңғы 12 ай ішінде жарна жасалмай қалған айлар болса, берешекті банк қосымшалары арқылы өтеп, «Сақтандырылған» статусына ие болуға болады.
Естеріңізге сала кетсек, бұл ақпаратты:
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
• fms.kz ресми сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
• 1414 байланыс орталығы
• Damumed мобильді қосымшасы
• Электронды үкіметтің egov.kz порталы арқылы да анықтап білуге болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста