Макроэкономикалық жобаны қолға алу керек

Қазақстанның батысы энергетикалық тапшылық көруі мүмкін деген болжам бар. Өйткені өндіріс күн санап өсіп келеді. Әзірше ірі кәсіпорын­дарды энергетикалық тапшы­лықтан шағын газтурбиналық стансылар ғана құтқарып отыр. Ақтөбелік кәсіпкер Ян Тампаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жасалған ірі макроэкономикалық жобаны қайта қолға алуды ұсынады.
Ақтөбе – еліміздегі ең ірі өнеркәсіптік аймақ. Алайда облыс экономикасы өркен­деген сайын энергетикалық тапшылық үдей түседі деген қауіп бар. Ақтөбелік кә­сіп­кер Ян Тампаев тығырықтан шығудың жолын біледі. Тәжірибелі экономист Тәуел­сіздіктің алғашқы жылдарында басталып, аяқсыз қалған макроэконо­микалық жоба­ларды қайта қолға алуды ұсынып отыр. Соның бірі – қуаты 950-1200 мегаватт бо­ла­тын газтурбиналық электрстансысы. Ірі жобаға осыдан 15-20 жыл бұрын елі­міздің Энергетика министрлігі тендер жариялаған еді. Тендерге Жапония, Ұлы­британия, АҚШ пен түркиялық компа­ниялар қатыс­қан. Тендер жеңімпазы болып түріктермен бірлескен Siemens компаниясы танылды. Бірақ аймақтың экономикасы үшін аса тиімді ірі жоба аяқсыз қалған. Ақтөбедегі бейметалл құбырлар зауыты­ның дирек­торы Ян Тампаев аяқсыз қалған жобаны жандандырып, қуатты электрстансысын салған жөн деп санайды. Өйткені аймақтың экономикасы осыдан 15-20 жыл бұрынғы­мен салыстыруға келмейді. Ал әзірше Қа­зақстанның батыс аймағын энергети­калық тапшылықтан шағын газтурбиналық стансылар ғана құтқарып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста