Майқұдық бандыларының серкесi ұсталды

Ақпанның 16-сы күнi Облыстық iшкi iстер департаментiнiң жедел-iздестiру тобы Қарағандының Майқұдық тұрғын аймағының СТО зауытына барар жолында елдi зар қақсатқан белгiлi қылмыстық топтың басшысы Сафиндi (аты-жөнi тергеу амалдары мақсатында өзгертiлген) қолға түсiрдi.
Шұғыл тексерiс-тiнту барысында әлдекiмнiң жеңiл көлiгiн кепiлдеме арқылы жүргiзiп жүрген Сафиннiң қалтасынан 5,6 миллиметр калибрлi қолдан жасалған револьвер типтi тапанша мен 14,88 грамм героин шықты. IIД жедел-криминалистикалық сараптамасының қорытындысы бойынша тапаншаның оқ шығаруға жарамды, қауiптi қару екендiгi анықталған. 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген Сафин қылмыстық ортада әжептәуiр беделге ие екен.
90-жылдардағы бұлғақта спортта жолы болмаған талай жiгiт қылмыс әлемiнiң беделдi көсемдерiне айналып кеткенiн ел бiледi. Қарағанды аймағында қазiр осындай бұрынғы спортшылар басқаратын бiрнеше қылмыстық топ бар екенi белгiлi. Былтыр мұндай топ көсемдерiнiң сегiзi қолға түсiп, қазiр тергеуде, түрмеде отыр. Ендi Сафиннiң де қылмыстық тобы серкесiз қалған жайы бар...
Мергенбай ЖАППАРОВ, Облыстық iшкi iстер департаментi бастығының бiрiншi орынбасары:
–    Бұған дейiн айналасы 7-8 жыл iшiнде төрт рет сотталған Сафин алғаш рет суық қаруды заңсыз сақтағаны, тұтынғаны, өзгелерге бергенi үшiн, бұзақылығы үшiн темiр тордың ар жағына барып келген. Отбасылы, 10-ға толмаған екi баласы бар. 90-жылдары спортпен айналысқан, бокс, жекпе-жек өнерiнiң басқа да түрлерiн шебер меңгерген. Тергеу кезiнде «тапаншаны үйiмнiң ауласынан таптым, қорғануым үшiн керек, героиндi өзiм тұтынамын» деп жауап бердi. Қазiр Сафиннiң үстiнен ҚР Қылмыстық кодексiнiң 251-бабының 2, 4-тармақтары бойынша қылмыстық iс қозғалуда. Жалпы, бұл азамат облыс аймағында әлi ашыла қоймаған бiрнеше iстер бойынша күдiктi ретiнде тергеуге тартылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста