Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының мәйітханасында түсірілген видео желілерде тарала бастады. Видеода әйел коронавирустан қайтыс болған адамдардың денелерін еденге лақтырып тастағанын айтады, - деп хабарлайды Stan.kz.
«Он бесінші. Ақсай мәйітханасы. Міне, бізде осындай көрініс. Барлық ковид мәйіттерін лақтырып кеткен. Мұнда ештеңе жарияламауды сұрады», - деді әйел өзінің көргендерін айтып.
Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасында ролик Бөрлі аудандық ауруханасының мәйітханасында түсірілгенін растады. Ал түсірілімдерді медициналық мекеменің қызметкері 12 шілдеден 13 шілдеге қараған түні жүргізді.
"Мәйітханаға қайтыс болған адамдардың денесі жеткізілді. Мәйіттерді дереу сұрыптайтын және оларды арнайы тоңазытқыштарға орналастыратын мәйітхананың қызметкері жүмысын жасамаған. Оның бұл видеоны түсіріп, таратудағы себебі белгісіз. Қазір қызметтік тергеу басталды, онымен психологтар жұмыс істейді. Бөрлі аудандық ауруханасының мәйіті штаттық режимде өз жұмысын жалғастыруда. Сондай - ақ, бұл жағдай бақылауға алынғанын хабарлаймыз", - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қазір барлық дәрігерлер қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқанын атап өтті.
"Әрбір адам күйзеліске ұшырайды, психикалық қиын жағдайды бастан кешіреді. Олар өздерінің барлық эмоцияларын бірінші болып сезеді. Адамның стресске төзімділігі өз әрекеттерін барабар бақылауға мүмкіндік беретін маңызды сипат. Мұндай оқиғалар қайталанбайды және дәрігерлердің жұмысына кедергі болмайды деп үміттенеміз", - деді ол.
Еске салсақ, осыған дейін де БҚО-да мөшекке салынған адамдардың денесі түсірілген видео желіде тарап кеткен болатын.