Майдангер туралы мәлімет 71 жылдан кейін табылды

Майдангер туралы мәлімет 71 жылдан кейін табылды

Ақтөбелік Мурашенколар отбасы майданда қаза болған туысқаны туралы тың дерек тапты. 71 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен ағасы Трофимнің Украинаның «Гросслазарет» әскерилер лагерінде қаза тапқаны мәлім болды. Облыстық мүгедектер қоғамына тізімдегі 78 майдангердің cегізінің ұрпақтары хабарласқан.
Трофим Мурашенко – Ресейдің Воро­не­жінің тумасы. Тағдыр тәлкегімен аталары Қазақстанға келіп, Ақтөбенің Россовхоз ауылына қоныстанады. Азамат соғысына, кейін 44 жасында ҰОС-қа шақырылады. Артында қалған үш ұлы мен жалғыз қызы да бүгінде о дүниелік болған. Мурашенколардан қалған тұяқ – Николай, Трофимнің ортаншы інісінің баласы. «Ауыз толтырып айтарлықтай естелік те білмеймін. Тіпті ағам­ның суреттері де жоқ менде. Бар біле­тінім, соғыстан соң Алғада ағаммен бірге соғысқан жерлесіміз көргенін айтқа­н. Бірақ кейін хабар болмады», – дейді Николай Мурашенко.
Сәуір айының басында Украинадан ақ­жолтай хабар жеткен еді. Ұлы Отан соғысы жылдарында «Гросслазарет» әске­рилер лагерінде қаза болған қазақстандықтар туралы тың дерек белгілі болды. Тізімде 19 053 адамның аты-жөні көрсетілген. Оның 78-і Ақтөбе облысынан. Қазір Ақтөбедегі облыстық мүгедектер қоғамы тізімде аты-жөні көрсетілгендердің ұрпақтарын іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Кәмила БАЛҒАЗИНА, облыстық мүгедектер қоғамының аға әдіскері:
– Бүгінгі таңда тізімдегі 78 адамның сегізін анықтадық. Туған-туысқанда­ры­на хабарластық. Олар «Гросслазаретте» қаза болған майдангерлер туралы ақпаратты растады. Жетеуінің ұрпағы өзіміздің қалада тұратыны белгілі болды. Біреуі Шұбарқұдықтан. Әзірге аталары жерленген Украинаға баруға тілек білдіріп жатқандар жоқ.

Ақтөбе облысынан қан майданға 122 423 адам аттанған. 36 мыңнан астамы қайтып оралмапты. Қазір көзі тірісі – 346 майдангер.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста