Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы және ҚР Конституциясы күнi мерекесiне орай Сарыағаш ауданында үш нысан пайдалануға берiлдi. Жiбек жолы, Құркелес және Бiрлiк ауыл округтерiнде салтанатты түрде ашылған мәдениет үйлерi қажеттi барлық құрал-жабдықтармен, компьютермен жабдықталыпты. Жаңа ғимараттың жанынан кiтапхана мен оқу залы да бой көтерген.
Жiбек жолы ауыл округiне қарасты Жаңатұрмыс елдi мекенiндегi 75 орынды клубтың құрылысына облыстық бюджеттен 64 миллион, Бiрлiк ауылындағы 75 орынды нысанға 62 миллион теңге қаржы қаралып, толығымен игерiлген. Ал, Құркелес ауылындағы 150 орынды мәдениет үйi облыс қазынасынан бөлiнген 103 миллион теңгеге салыныпты.
Ауданда жыл соңына дейiн тағы да 3 мәдениет ошағы пайдалануға берiледi деп күтiлуде. Бұдан бөлек, 4 саябақ пен 1 мәдениет үйi жөндеуден өтедi.
Гүлдана Айходжаева
"Оңтүстік Қазақстан"