Ресей сыртқы агрессия жағдайында Беларуссияны өз аумағы ретінде қорғайтынына кепілдік беруі керек. Бұл туралы Беларусь республикасының президенті Александр Лукашенко Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Life.ru ақпараттық сайтына сілтеме жасап.
Ол Ресей Федерациясының Президентімен соңғы келіссөздердің нәтижесінде олар Беларуссияның қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін Шойгудың мамандармен сапары туралы келіскенін еске салды. Лукашенко сол кезде Путинге елдер арасындағы барлық келісімдерді пысықтау қажеттілігі туралы айтты.
«Беларуссияның толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекетаралық сипаттағы нормативтік құқықтық актіні қабылдау туралы қарастыру керек... Жалпы, бұл келіссөздерде Беларуссияға қарсы агрессия жағдайында Ресей Федерациясы Беларуссияны өз территориясы ретінде қорғайтындай болады. Бізге қауіпсіздік кепілдігі қажет», - деді Беларусь Президенті.