Күріш шаруашылығының күрмеуі қашан шешіледі?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Әлемде күріш өніміне сұраныс зор. Жер шарындағы жұрттың тең жартысына жуығы оны күнделікті тұтынады. Яғни негізгі азық-түлік түрлерінің бірі саналады. Ол адамзаттың тағамдық калория қажеттілігінің үштен бір бөлігін өтейді. Аталмыш дақыл, негізінен, тропикалық және субтропикалық аймақтарда тамырын жаяды. Күріш әлемнің 112 елінде өсіріледі. Оның жалпы аумағы 150 млн гектарға жетеді екен. Осының өзі оның адамзаттың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде маңызы зор екенін айғақтап отыр. Қазақ даласында күріштің егілгеніне бір ғасырға жуық уақыт өтті. Оның 80 пайызға жуығы Сыр өңірінің еншісіне тиеді. Дегенмен күріш шаруашылығы жайлы әңгіме еткенде тіліміз күрмеліп сала береді. Неге? Өйткені бұл салада проблема бастан асады. Қолға алатын жұмыстар жетерлік. Сорт шығару ісі әлі тоқырап тұр. Міне, 30 жылға жуықтады, төл сорт өндіріске ене алмай келеді. Диқандар өндірген өнімді өткізуде қиналады. Экспортқа шығару егінші қауымның тек қиялындағы дүниеге айналды. Тіпті еліміздің кейбір аймақтары күрішті тасымалдайды. Бұл дария бойындағы диқандар адымын аштырмай жүр.
Елімізде күрішті Сыр өңірінен бөлек, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары да өсіреді. Қай аймаққа барсаң да, сан алуан түйткіл алдыңнан шығады. Жалпы, Қа­­зақ­станда бидай өсіруге ерекше мән бе­ріледі. Өкініштісі, өзге дақылдар оның та­сасында қалып қояды десек, артық айт­қандық емес. Күріш өндірісі де агро­өнер­кәсіптің негізгі саласы саналғанымен, күр­меулі мәселелер көлденеңдей береді. Рас, соңғы жылдарда мемлекет тара­пы­нан субсидия беру жақ­сар­ған. Басқа да қолдаулар бар. Алайда сол қам­қорлық кү­ріш өсірумен айналысатын шар­уашы­лық­тардың шаш етектен келетін тү­йінін тар­қата алмай отыр. Әңгіменің әл­қис­са­сын сорт шығару ісінен бастасақ. Қазір Сыр жеріндегі күріш алқабында маржан сорты басым болып тұр. Сенесіз бе, оның шыққанына келер көктемде тұп-тура 30 жыл толады екен. Қазақ «Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан» деуші еді. Өкі­ніш­ке қарай, аталмыш сорт әлі күнге дейін егі­ліп келеді. Себебі оның орнын баса қоя­тын жергілікті сорт жоқ. Осыдан төрт-бес жыл бұрын көршілес Ресейден жаңа сорттар жет­кізілді. Олардың барлығы дерлік бір­ден-ақ өндіріске енгізілді. Алайда ешқай­сысы да мар­жан­ның орнын баса қоймады. Бүгінгі күнге де­йін егіс алқабының басым бөлігі жер­гілікті сорттың еншісінде қалып тұр. Әри­не, уақыт өзгерген сайын кез келген зат өңін беріп, тоза бастайды емес пе?
«Маржанның» да «жаны» сірі емес қой. Оқта-текте «сыр» беріп қояды. Соңғы жыл­дарда Сыр өңірінде күріштің пирику­ляриоз ауруы жиі байқалып жүр. Ғалым­дар оның себеп-салдарына үңіліп келеді. Десе де толық тұжырым жасала қой­ған жоқ. Басты себеп ретін­де сорт жаңарту мә­се­лесі ай­ты­лады. Ресейдің күріш егетін Крас­нодар аймағында жылына төрт-бес сортқа дейін жаңара­ды екен. Бізде бұл жұ­мыс қол жетпейтін арманға айналып ба­рады. Бізде бұл іспен «Қазақ күріш ша­руа­шылығы институ­ты» ғылыми-зерттеу ин­ституты айналысады. Өкініштісі, онда сорт шығару ісімен небәрі төрт-­бес адам ғана шұғыл­да­на­ды екен. Ғалымдардың ба­сым көпшілігі – 50-60 жастан асқан кісі­лер. Аталмыш іске жас­тардың қызығушы­лығы төмен.
Рақымжан ЕЛЕШОВ, республикалық «Агроинновация және экология» ғылыми-зерттеу институтының директоры:
– Сыр өңіріндегі күріш шар­уа­шылы­ғында біраз мә­селе бар. Алғашқысы – ме­лио­ра­тив­тік жағдай. Өңірде коллек­торлық-дренаждық жүйелер әбден ескірген. Ол ұзақ уақыт­тан бері кәдеге жаратылып кел­ді. Екіншіден, жердің құна­рына селсоқ қа­рау­ға болмай­ды. Бұл мақ­сатта минерал­дық-органи­ка­лық тыңайтқыштар мә­се­лесі ал­дыңғы кезекке шы­ға­ды. Осыдан 30 жыл­дай бұ­рын еліміздегі күріш алқабы­ның тү­гел­ге дерлігінің атал­мыш тыңайтқыш ар­қы­лы құнары арт­тырылды. Қазіргі кезде оның небәрі 30 пайыз­ға жуы­ғы­на осындай жұмыс­тар жаса­ла­ды. Ең басты мә­се­ле – біз­дің ғалымдар тұзға төзімді жаңа сорт­тарды өн­діріске енгізуге көңіл бөлуі тиіс.

Бұрынғы жылдарда күріш егу­мен іргелі құрылымдар ай­на­лы­сып келді. Өкінішке қа­рай, жекешелендіру жылда­рын­да олар ұсақталып кетті. Бүгінгі таңда облыста 352 ауыл шаруашылығы құрылымдары күріш егеді. Сонда әрбір ауыл­да ең кем дегенде үш-төрт шар­уа­шылық бар деген сөз. Олар­дың кейбірінің жағдайы тәуір. Де­генмен біршамасы аз көлемде егіс екеніне шүкірлік етеді. Қолындағы ескі-құсқы тех­ни­каны жамап-жасқап, көк­темгі егістен қа­лыс қалма­ға­ны­на қуанады. Алайда кү­ріш өндірісі кез келгеннің қолынан келе бермейді. Оған да жайлы жағдай жасал­ма­са болмайды. Оны егудің де өз талап­та­ры баршылық. Кейбіріне агроном секілді мамандар жетісе бер­мейді. Айналып кел­генде, егіл­ген егіс түрлі ауруларға ұшыра­уы ғажап емес. Оған қоса да­қыл да бітік шыға қоймайды. Тағы бір айта кетерлігі, мұндай ұсақ құрылымдар мемлекет тара­пынан берілетін қолдау­лардан қағажу қа­лып жататы­ны жасырын емес.
Абзал ЕРАЛИЕВ, Қазақстан күрішшілер одағының төрағасы:
– Қазақстан күрішшілері өз өнімдері­мен елімізді толық қам­тамасыз ете алады. Осы­ған қарамастан бізге сырттан атал­мыш өнім ағылып келеді. Олар­дың кейбірінің бағасы біздікінен әлдеқайда төмен. Ал­айда ол­ар­дың сапасына ешкім жауап бере ал­майды ғой. Кезінде Қа­зақстан Иран, Ре­сей секілді ел­дерге күрішті экспортқа шы­ғар­ды. Қазір өз өнімімізді шетелге аз кө­лем­де ғана шығарып отыр­мыз. Сон­дықтан осы мә­се­леге на­зар аудармасақ болмай­ды.

Елімізде күріш өндірісін күнкөріс көзі еткен жұртшылық бар. Бір ғана Сыр өңі­рінің өзін­де 20 мыңнан астам адам осы са­лада екі қолға бір күрек та­уып жүр. Ен­де­ше, агроөнер­кәсіп­тің бір тармағы сана­латын күріш өндірісіне жеткілікті дең­гейде көңіл бөлмесек болмай­ды. Әлемде атал­мыш тірліктен қыруар қаржы кіргізіп жүр­ген мемлекеттер баршылық. Өкі­нішке қа­рай, біздің елімізде күріш шаруашылығы өрке­ниет­ке сай еңбек етуге қол жет­кізе алмай жүргені қын­жыл­тады. Орайы келсе, әрбір істі оңға бастыруға болады емес пе?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста