Алдағы күндері республикамыздың 12 өңірінде күн күрт суып, бұрқасын болады. Ауа райының бірден бұзылуына байланысты Қазгидромет ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Казгидрометтің мәліметінше, Атырау облысында 7 желтоқсан тұман түседі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында боран соғады. Облыстың батысы мен шығысында тұман, көктайғақ. 8 желтоқсанда түнде ауа температурасының -20-28 градусқа дейін күрт төмендеп, аяз болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 7-9 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде тұман, 8 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Күндіз 7, 8, 9 желтоқсан — солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда -15-20 градус аяз болса, күндіз жел екпіні метрінен 23 секундқа жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік — шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. 7 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі.
7 желтоқсанда түнде Қостанай облысының оңтүстігінде боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Сонымен қатар Қызылорда облысының солтүстігінде де осы күндері тұман түседі деген болжам бар.
Нұр-Сұлтан қаласында 7 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі, 8 желтоқсанда түнде ауа температурасы -25 градусқа дейін аяз. Павлодар облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы -15-20 градусқа дейін төмендейді. Облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
8 желтоқсанда түнде Ақмола, Павлодар облыстарында, 9 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының күрт төмендеуі -20-28 аязға дейін күтіледі деген болжам бар.