Мереке және демалыс күндері Астанада күн суытады. Жаңбыр жауып, жел күшейеді. Белсенді циклон мен атмосфералық таралымдардың ықпалынан еліміздің басқа да аймақтарында күн райы бұзылады.
«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, бүгін Астанада күн жаңбырлы болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 25 м/с-ке жетеді. Күндізгі ауа температурасы 12-17 градус жылыға дейін төмендейді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға күн райынан сақтану жөнінде ескерту беріп отыр. Бүгін және алдағы тәуліктерде Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауып, дауыл тұрады. Солтүстік аймақтарда күн салқындайды. Алматыда және Алматы облысында да өткінші жаңбыр жауып, жел соғады. Дегенмен облыс аумағында ауаның орташа температурасы 28-30 градус ыстық шамасында болады. Еске салайық, бүгін және ертең Астананың үш алаңында – «Бәйтерек» монументі жанында, Орталық алаңда және Студенттер саябағында сағат 21.00-ге дейін Конституция күніне арналған мерекелік шаралар өтеді. Алматыда мерекені тойлаудың уақыты өзгерді, мәдени шаралар бүгін сағат 20.00 – 22.00 аралығында өтеді.
Күн құбылғанымен, мерекелік көңіл күй бұзылмайды
Последние статьи автора