Күйеуіңнің абыройлы болғанын қаласаң

 

Өмір дейтін керуенде күйеуінің өлшеусіз беделіне шомылып, бақытты күн кешіп жатқан әйелдер бар. Ер-азаматтың абырой-атағы жарын таңдауда жолы болған олардың бірін масайратып, бірін кекірейтіп, имандыларына сәт сайын тәубе айтқызып жүргеніне күн сайын куәміз.
Қалай десек те, ота­ғасының беделі – отба­сы­ның беделі. Міне, өзіміз де байқамай жаңа мәтел шығарып отырмыз. Расында, ақыл-ойымен, алысты ойлайтын парасат-парқымен өз ұясының шырайын келтіріп отырған ер-азаматтардың балаларының да жүзі басқа. Мұндай еркектер ошағының шаңын шығармай-ақ, мысымен ғана отбасын ұстайды. Көзінің қиығымен әйелін құр­дай жорғалатады. Қас-қаба­ғымен-ақ балаларын тәрбие­лейді.
Қараңызшы, қаншама жерден әділетсіздік деп есептесек те, әкім-қаралардың, ауқатты-беделді азаматтардың әйелдеріне деген қоғамның құрметі басқа. Ішкіштің әйелі жүз жерден ізетті болса да, ондай маскүнем еркек оның тілін шығармай қоймайды. Ашындырады, азаптайды…
Кішкентай күнімізде, ауылдағы бір маскүнемнің әйелін білетін едім. Сол кісінің көзінен мұң арыл­майтын. Қаншама ақылды, қайғысын ішіне жұтқан сабырлы әйел болса да, сырын білмейтін жұрт оның сормаңдай жүрісіне қарап «Алқаштың әйелі» дейтін… Есесіне мекерлігі мен кесірлігі бір басына жетіп артылатын, елдегі атқамінер ағаларымыздың үйіндегі төмен етектіге бәрі көрген жерде «же­ңешелеп» жапырылып қалушы еді.
Бұл жазмыш десек те, мына бір заңдылықты мойындауымыз қажет. Неге ер-азаматтардың жо­лы­ның болғыштығы жарының оған көңілінің толуымен байланыс­ты? Мәселен, әйелді айтпағанда, әке-шешенің наласына ұшыраған адамдардың да қолға алған ісі еш баянды болмақ емес. Ата-ананың қарғысы тіпті, баласының ғана емес, үрім-бұтағының да алдынан шығып жатады. Әрине, бұл бөлек тақырып.
Бірақ, еркек өзінің әйелін сыйламайтын болса, аялап қорғаудың орнына қорласа, оның ешбір жолы болған емес. Табыстылық теріс айналады. Жарының көз жасына қалған, бақытты ете алмаған жігітке сәттілік те сыртын береді. Неге?
Егер еркектің қолға алған ісі өрге дөңгелеп жатса, ол үйде мін­детті түрде ынтымақ пен түсі­ністік, ауызбіршілік бар деген сөз. Ол азаматқа деген жарының сезіміне селкеу түспеген. Жауабы да осы!
Демек, әйелдің де өз қасиеті бар. Мұны әр қырынан түсіндіруге болады. Ал түйсікке келсек, әйелдің қиялдау қабілеті, шығармашылық ойлау әрекеті ер-азаматтарға қа­ра­ғанда әлдеқайда күштірек. От­басылық бақыттың сұлу суретін алдымен әйел өз қиялында сызып алады. Сондықтан болар, төмен етектінің бақытқа қатысты пайымдаулары өзінің ғана емес, күйеуінің де тағдырына қатты әсер етеді.
Егер әйел өзінің ерлі-зайып­тылық өміріне көңілі толып, жұ­байлық қарым-қатынастан ләззат алып, ертеңі үшін уайымдамайтын болса, онда ер-азаматтың әрдайым жолы ашық. Бақыт ондай адамның ізінен өзі ілесіп жүреді. Мұны мис­тикамен де, ғылыми терминдермен де, көзге көрінбейтін қарғыс пен алғыстың күш қуатымен де түсіндіре беруге болады.
Еркектердің қателігі де осында, көпшілігі әйеліне бақытымның бастауы, балаларымның анасы, ті­лекшім деп қарамайды. Ақы­­лы саяз азаматтар өмірлік сері­гіне бағынышты біреу сияқты көз­қараста болатыны жасырын емес. Демек, еркектің отанасының ішкі батасын алмай, ісі ілгерілемек емес.
Басқасын былай қойғанда, балаларын тастап, сүйіп алдым деген әйелін тәрк етіп кеткен жігіттердің де жолы болғаны некен-саяқ. Бас­қамен бақытты болып кеткен күн­нің өзінде оның да басқа сырлары болуы бек мүмкін. Бұл жерде үйім, бала-шағам деп жарғақ құ­лағы жастыққа тимей жүрген ер­кектің қадірін білмейтін жарлар туралы тағы бір мәселенің ұшығы көрінеді.
Бірақ, толайым алғанда, алдымен ер-азамат өзінің ақылы мен күшін, мейірімі мен парасатын әйеліне дәлелдеп көрсін. Таңертең күліп оянып, кешке жастыққа жұмбақ жымиып құлайтын әйелдің еркегі басқалардан бір саты жоғары тұратыны несі? Тұрмысы да бөлек, табысы да берекелі. Яки болмаса, екі күн сайын ішіп келіп үйін қиратып, балаларын боздатып, әйелін жылатып жұмысқа кететін адамның оңғаны бар ма?!
Қалай десек те, әлсіз деген әйел – тылсым бір құдіретке ие. Көз­ге көрінбейтін, қолға да ұстауға келмейтін сол бір күш еркекке дем береді. Әйел отбасылық бақыт пен берекені іштей жоспарлайды, ал азаматы оны іске асырады. Келешектің, шаңырақтың ұлы жоспарларының жүзеге асуына ұрыс-керіс, кикілжің, түсінбестік өлшеусіз кедергі келтірмек.
Мына бір қызықты қараңызшы, аңқылдаған ақылды жігіт жарын қуантуға, титтей де болса сый­лық­тар жасап отыруға арланбайды. Өйткені, ол осы арқылы, әйелінің күлімдеп берген тамағын ішеді. Шаңырақтың шаттығына малынады. Тағы да күліп ататын таң үшін шабытқа ие болады. Бұл үшін аса бір данышпан болып туылудың қажеті жоқ.
Қарап отырсақ, жолы болғыш жігіттердің киімі үтіктеулі, та­ма­ғы асулы, үйі жинаулы. Мұн­дай азаматтардың жарлары ауыр жұ­мыс істемейді. Қысқасы, жұ­байлық өміріне қанаттанған әйелдердің күйеулері малтабар болып келеді. Оның ақиқат екенін білу үшін ақылды кітаптар оқымай-ақ, айна­лаңызға, таныс адамдардың, табысты жора-жолдастың өміріне бажайлап қарасаңыз да біле аласыз.
Демек, бәрі адамның өз пиғы­лына байланысты. Өмірде қатып қалған ештеңе жоқ. Қысқа ғана ғұмырда қателіктерді түзеп алуға ешқашан кеш болмайды. Ең жаманы – жақсылыққа ұмтылмау ғой.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

 egemen.kz/2016/03/11/28669

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста