Астана тұрғыны құтқару қызметін жалған шақырғаны үшін 45 мың теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Келіншек желіде трендке айналған пранкті жасап көрмек болып, күйеуіне газ пеші жарылды деген видео жолдайды. Алайда оның пранк жасау туралы жоспары жүзеге аспай қалды. Тосын хабарламадан шошынған күйеуі үйге асығып, елорданың барлық құтқару қызметтерін шақырған.
Тиісінше құтқару қызметіне жалған хабарлама бергендіктен оларға айыппұл салынды.
Желі қолданушылары бейнежазбаның астында сан түрлі пікір білдіріп, бірі көңілдерінің көтерілгенін жазса, енді бірі адамдардың осындай бос дүниеге уақыт жоғалтатынын сынға алуда.