ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті мен "Сана Сезім" қоғамдық бірлестігі арасындағы меморандумға сәйкес, 2020 жылдың қыркүйегінен бастап құқықтық мәртебесі реттелмеген азаматтарды анықтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Жүргізіліп жатқан жұмыс аясында Түркістан облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Шардара және Сайрам аудандарында құжатсыз және азаматтығы жоқ адамдар үшін көшпелі консультация өткізді.
Бұл шарада көші-қон полицейлері тұрғындарға Қазақстан Республикасының азаматтығын алуда не айқындау қажет, ескі үлгідегі паспорттармен тұратын адамдар үшін жеке куәлік пен азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыруда не істеу керек, сондай-ақ түрлі жағдайларда жеке басын куәландыратын құжаттарынан айырылған және белгілі бір себептерге байланысты құзыретті органдарға жүгіне алмаған адамдарға заң аясында түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары құқықтық мәртебені анықтау мәселелері туындаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелеріне жүгінуге болатындығын ескертті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі