«Өзбекстанмен санасуды қою керек. Қайта бауырлас ел үшін қуану керек. Олар шамамен 5 «алтын» алып шығады Олимпиадада. Бізде біреу жұлып шықпаса қиын. Қолаларға мәз боламыз». Бұл қоғам белсендісі Аршат Ораздың Facebook парақшасында білдірген пікірі. Ол негізгі күшті футболға емес, бұқаралық спортқа салу керек екенін айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
«Себеп неде? Себеп коррупция мен дұрыс жолға қойылған стратегияда. Өзбектер бәленбай жылғы спорт стратегияларының нәтижесін енді алады. Футбол, бокс, жекпе-жек түрлері бойынша нақты бағдарламалары болды, енді жемісін жинайды. Бізде спортқа бөлінген ақша дұрыс реттелмейді, көбі түк нәтиже әкелмейтін футболға кетеді. Қалған спорт түрлері дұрыс дамымайды. Содан кейін сырттан легионер әкеледі. Сондай легионерлердің екеуі мысалы, теннистегі Путинцева мен Шведова. Екеуі де матч аяқтамай, тастай салды. Не үшін барды? Қазақстан үшін олар барын сала ма?», деп күйінеді ол.
Блогер коррупциялы футболды тастау керек, деген пікірде.
«Бүгін өзіміздің қазақстандық Сон сілкті де, қол қойды! Осындай өз балаларымызға жағдай жасауымыз керек. Коррупциялы футболды тастау керек. Бұқаралық спортты дамыту керек», дейді Аршат Ораз.
Айта кетейік, бірер күні бұрын өзбекстандық таэеквондошы Улугбек Рашитов Өзбекстан қоржынына алғашқы алтын медальды салған болатын.