2009 жылғы 30 желтоқсанда Салық кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес,
Аванс есептерін ұсыну және төлеу міндеттемесі жинақталған жылдық табысын (ЖЖТ), салық кезеңіндегі түзетулерді қосқанда, айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) 325000 есе асырған заңды тұлғаларға ғана қатысты. Бұл арада салық салынатын табыс емес, түзетуді қосқандағы жинақталған жылдық табыс деп атап көрсеткіміз келеді.Мәселен, 2010 жылға аванс төлемдерін (АТ) есептеген кезде, 2008 жылғы ЖЖТ-ны қарастыру қажет. Егер салық төлеушінің ЖЖТ-сы АЕК-тен 325000 есе асып түссе, онда салық төлеуші (2009 жылдың қорытындысына қарамай-ақ) есебін жүргізіп, қажет болса, 2010 жылы аванстық төлемдер жасайды. Оған қоса аванс төлемдері сомасының есебі КТС бойынша декларация өткізгенге дейін және өткізгеннен кейін төленуі тиіс деп бөлінеді.
Аванс төлемдері сомасын есептеу КТС бойына декларацияны өткізгенге дейінгі уақытта (20 қаңтардан кеш емес) және алдыңғы салық кезеңінде есептелген аванс төлемдері жалпы сомасының төрттен бір бөлігі көлемінде есептеледі. Төленген сома емес, есептелген сома бойынша деп атап айтқымыз келеді.
Егер салық төлеуші аванс төлемдері бойынша есептеу жүргізбесе, онда ол ағымдағы салық кезеңінде болжамды ЖЖТ сомасы бойынша аванс төлемін есептеуі керек. Ал ЖЖТ декларациясын өткізгеннен кейін төленетін аванстық төлем ЖТС декларациясы өткізілген соң 20 күннің ішінде алдыңғы жылғы ЖЖТ сомасының төрттен үш бөлігі мөлшерінде есептеледі. Сондай-ақ ЖЖТ өткізу мерзімін ұзарту есеп-қисапты өткізу мерзімін де ұзартады.
Сонымен қатар аванс төлемін түзету мәселесіне де айрықша назар аударғымыз келеді. Қосымша есептеуді енгізу алдағы кезеңге ғана қатысты және бұрын есептелген сома шеңберінде болмақ. Аванс төлемдері есебін 20 желтоқсанға дейін өткізіп үлгеру керек. Тәжірибе көрсеткендей, салық төлеушілердің қосымша есептеулерді белгіленген мерзімнен кейін өткізетін әдеті бар. Ол ЖЖТ сомасының көлемін 20 пайызға арттыруы мүмкін. Өйткен күнде осы соманың 40 пайызы көлемінде айыппұл төлейтінін де естен шығармаған жөн.