Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 11 сәуірдегі ақпаратты жариялады.
11 сәуірдегі мәлімет бойынша, 32 899 адам коронавирус инфекциясынан (32 241 КВИ+ және 658 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 003 пациент стационарда, 20 896 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 546 адамның жағдайы ауыр;
• 163 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 99 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.