Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 12 ақпандағы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өткен тәулікте елімізде 46 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
1 647 адам коронавирус инфекциясынан (–1 485+ және 162 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 137 пациент стационарда, 1 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр және 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.