Қазақстан футбол федерациясы "Ақтөбе" футбол клубына айыппұл салды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
6 сәуірде бақылау-тәртіптік комитеттің отырысы өтті. Комиссия жұмысының нәтижесінде клубқа 100 АЕК (345 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.
"2 сәуірде Петропавл клубы "Қызылжармен" кездесу кезінде көрермендердің пиротехникалық құралдарды пайдаланып, орынсыз мінез – құлық көрсеткені үшін тәртіптік регламенттің 63-бабының 1-тармағына сәйкес "Ақтөбе" ФК-ға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын", – делінген ҚФФ сайтында.
Дәл осындай жазаны "Жетісу" ФК өкілдері қостанайлық "Тобылмен" ойында көрермендердің мінез-құлқы үшін алды.
"Тәртіптік регламенттің 63 – бабының 1-тармағына сәйкес" Жетісу" ФК-ға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын", – делінген хабарламада.
Клубтар 2023 жылдың 6 мамырына дейін есеп айырысуды міндеттеді.