Корей әуежайынан қашып шыққан екі қазақстандықтың біреуі ұсталды
Әлеуметтік желілерде Инчхон әуежайынан екі Қазақстан азаматы қашып кеткені туралы ақпарат тарауда. Енді екеуі де төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.
Кореялық БАҚ-тың мәлімдеуінше, Нұрсұлтан Ырысбаев пен Үмижан Нарзуллаев есімді екі қазақстандық Кореядағы Инчхон әуежайынан қашып, қалаға кірмек болған.
"Олар басқа қазақстандықтармен бірге Инчхон халықаралық әуежайы арқылы елге өтпек болған, бірақ бұл ойлары іске аспады" – деп жазды кореялық БАҚ.
Қазақстандықтың бірін полицейлер Тэджон қалсында дүкенде телефон зарядтап жатқан жерінен ұстап алған. Әлеуметтік желіде қамау орнынан түсірілген фотосурет тарады. Оның 2002 жылы туған Үмижан Нарзуллаев екені белгілі болды. Оқиға 24 наурыз күні орын алған.
Екінші қазақстандықты іздеу жалғасуда.